07.03.2012, 09:55 4105

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы халықаралық аккредитация алды

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Joint Commission International бірлескен халықаралық комиссиясының халықаралық стандарттар бойынша аккредитация туралы ресми қорытындысын алды, деп хабарлады "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ басқармасының төрағасы Ержан Біртанов.

Астана. 7-наурыз. Kazakhstan Today - Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы халықаралық аккредитация алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Joint Commission International бірлескен халықаралық комиссиясының халықаралық стандарттар бойынша аккредитация туралы ресми қорытындысын алды, деп хабарлады "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ басқармасының төрағасы Ержан Біртанов.

"2009 жылдан бері ұлттық медицинамыздың түрлі саласында 300-ден астам түрлі стандарттарды енгізу жұмыстары жүргізіліп келді және ағымдағы жылдың 1 наурызында Ана мен бала ұлттық орталығы JCI стандартына ие болды",- дейді Е.Біртанов.

Бұл аккредитацияға сәйкес, медициналық көмек көрсету мен науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бойынша емхана халықаралық стандарттарға сай келеді деген сөз.

"Бұл Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің жоғары жетістігі деп санаймын, себебі посткеңестік кеңістікте мұндай жетістікке алғаш рет қол жеткізіліп отыр",- дейді Басқарма төрағасы.

Оған қоса, 2012 жылдан бастап бұл стандарттар Ұлттық медициналық холдингтің басқа емханаларына таратылмақ. "2014 жылға дейін холдингтің барлық емханалары аккредиациядан өтетін болады",- деді Е.Біртанов.

JCI аккредитациясы кең танылған стандарт болып саналады, әлем бойынша 300-ге жуық аурухана осы стандарттар бойынша аккредитацияланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны