17.04.2017, 18:18 6834

"Анаға апарар жол" фильмі "Ақ Ілбіріс" киножүлдесініӊ бас жүлдесіне ие болды

"Анаға апарар жол" фильмі Бішкекте өткен "Ақ ілбіріс" атты VI ұлттық киножүлдесінде Орталық Азияныӊ үздік фильмі атанды.

Алматы. 17 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Новый мир" ЖШС-ніӊ қатысуымен түсірілген "Анаға апарар жол" фильмі Бішкекте өткен "Ақ ілбіріс" атты VI ұлттық киножүлдесінде Орталық Азияныӊ үздік фильмі атанды.

Бас продюсер Илия Назарбаева мен режиссер Ақан Сатаевтыӊ бірлесіп шығарған "Анаға апарар жол" атты туындысы үш номинация бойынша, атап айтсақ, "Орталық Азияныӊ үздік фильмі", "Орталық Азияныӊ үздік актері" (актер Иділ Ахметов үміткер), "Орталық Азияныӊ үздік актрисасы" (актриса Алтынай Нөгербек үміткер) номинациялары бойынша қатысты. Сондай-ақ, осы жүлделерге Өзбекстан мен Тәжікстанныӊ картиналары да ұсынылған болатын.

Ұлттық жүлдені режиссер Ақан Сатаевқа қырғыздыӊ кинорежиссері, Қырғызстан Республикасыныӊ халық артисі, аталмыш премияныӊ құрылтайшыларыныӊ бірі Артықбай Сүйіндіков және Лос-Анжелестегі азиялық кинофестивалініӊ үйлестірушісі Исел Шерниязова табыстады.

- Түсіру тобын осы жеӊіспен құттықтаймын. "Анаға апарар жол" - Орталық Азияныӊ үздік фильмі, - деп жазды режиссер Ақан Сатаев өзініӊ Instagram парақшасында.

Фильм өмірдіӊ ауыртпалығына төтеп берген, қиын қыстау күндері сұрапыл соғыстыӊ мехнатын көрген басты кейіпкердіӊ тағдырын баяндайды. Бұл кинотуынды ананыӊ перзентіне деген шексіз махаббаты туралы, перзентініӊ Отанына деген адалдығы жайлы. Аталған кинотуынды 38-ші Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде және "Еуразиялық көпір" атты фестивальге қатысып, Бас жүлдені, сонымен қатар актриса Алтынай Нөгербек "Үздік әйел адам рөлі" номинациясында жеӊіске жетті. Одан бөлек, бұл туынды биыл Қазақстан киносыншылар ассоциациясы ұйымдастырған "Сыншылар таӊдауы" жүлдесінде үш бірдей жүлдені иемденді. Атап айтсақ, "Еӊ үздік актриса" - Алтынай Нөгербек және "Екінші пландағы үздік актриса" Аружан Жазылбекова деп танылды. Ал "Фильмге жазылған үздік музыка" номинациясын аталмыш фильмніӊ композиторлары Илім Заиров пен Роман Вишневский бөлісті.

2012 жылы Қырғызстанныӊ танымал кинематографистері ұйымдастырған "Ақ Ілбіріс" атты тұӊғыш ұлттық киножүлдесі өткен жылдыӊ үздік фильмдерін анықтайтын елеулі іс-шара. Киножүлде Қырғызстанныӊ кинематографистер одағы, "Айтыш" қоғамдық ұйымы және Қырғызстан Республикасыныӊ кино дамыту қоры қолдауымен марапатталады. "Орталық Азияныӊ үздік фильмі" номинациясы 2010 жылы алғаш табысталған екен.

"Анаға апарар жол"

Фильм туралы: Фильмніӊ желісі қазақ халқыныӊ ХХ ғасырда бастан кешкен күрделі тарихи кезеӊдерден құрылған, атап айтсақ, күштеп жүргізілген ұжымдастыру науқаны, ұлттыӊ басына түскен ұлы трагедия - жұт (ашаршылық), Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі бейнетті жылдар. Фильм өмірдіӊ ауртпашылығына төтеп берген, қиын қыстау күндері сұрапыл соғыстыӊ мехнатын көрген, жат елде тұтқында болған Ілияс есімді жігіттіӊ тағдырын баяндайды. Бөтен жерде айдауда жүрсе де, жат елдіӊ зорлық-зомбылығын көріп, қиянатын кешсе де, жалғыздықтыӊ тауқіметін тартса да, бас Қаһарман атажұртын аӊсап, анасын сағынып, туған жеріне оралатынына ешқашан күманданбайды.

Өндіруші: Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, "Новый мир" Продакшн" ЖШС қатысуымен.

Жанры: тарихи драма

Режиссері: Ақан Сатаев

Сценарий авторы: Тимур Жақсылықов

Қоюшы операторы: Хасан Қыдырәлиев

Қоюшы суретші: Назира Байбекова, Лариса Решетова

Рөлдерде: Иділ Ахметов, Аружан Жазылбекова, Алтынай Нөгербек, Азамат Сатыбалды және т.б.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны