21.09.2019, 19:37 26657

Қанат Ислам көп балалы анаға Елордадан баспана сыйлады

2019 жылдың 20 қыркүйек күні Қанат Ислам бастаған "QAZAQ promotions" промоутерлік ұйымы "Ел-Несібе" Қайырымдылық қоры" Қоғамдық қоры арқылы 8 баласы бар жалғыз басты көпбалалы анаға 2 бөлмелі пәтер сыйлады.

Нұр-Сұлтан. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қанат Ислам көп балалы анаға Елордадан баспана сыйлады.

2019 жылдың 20 қыркүйек күні Қанат Ислам бастаған "QAZAQ promotions" промоутерлік ұйымы "Ел-Несібе" Қайырымдылық қоры" Қоғамдық қоры арқылы 8 баласы бар жалғыз басты көпбалалы анаға 2 бөлмелі пәтер сыйлады.

Пәтер Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауында Сарыарқа ауданында орналасқан. Сыйланған үй көпбалалы отбасыға ыңғайлы болуы үшін іргесінде орналасқан мектеп және балабақшаның жақындығына орай арнайы таңдалды. Сондай-ақ, пәтердің іші тұрмысқа қажетті барлық техникалармен, төсек-орынмен толық жабдықталған.

Пәтердің кілтін жалғызбасты ана Гүлшат Баяділоваға қазақ кәсіпқой боксының жарық жұлдызы, WBO Inter-Continental чемпионы, қазақтың қайсар ұлыҚанат ИСЛАМөзі тапсырды. Көпбалалы отбасы соңғы секундтарға дейін баспаналы болатынын, оның кілтін қазақтың мақтанышы Қанат Ислам тапсыратынын білмеген. Барлығы құпия ретінде сақталып, өмірде көптеген қиындықтарға кездесіп, мойымаған анаға тосын сый жасау үшін"Ел-Несібе" Қайырымдылық қоры" Қоғамдық қорының өкілдері арнайы ұйымдастырған.

Баяділова Гүлшат - жалғызбасты ана, "Күміс алқа" иегері. 8 баланы өмірге әкеліп, бағып, ер жеткізген. Баласының алды тұрмыс құрып, жеке отбасы болып отыр. Екінші баласы науқас, қаржының тапшылығынанмедициналық көмек уақытылы көрсетілмегендіктен, нақты диагнозы анықталмаған. Үшінші баласы колледж студенті, ал қалған 5 баласы мектеп оқушылары. Осы уақытқа дейін жер үйдің аядай бір бөлмесін паналап келген. Пәтерге төлейтін қаражаты болмағандықтан, зәулім коттедждің қыста отын жағып, жазда күлін төгіп, ауланы тазалап, басқа да жұмыстар істегені үшін тегін тұрған. "Клуб добряков" көмек ретінде, холодильник, төсек, диван, газ плита әкеліп берген. Оған дейін жерге жатып жүрген екен.

Баспананың зардабын тартып келген жанұя жағдайытуралы білген "Ел-Несібе" Қайырымдылық қоры" Қоғамдық қорының өкілдері жан-жақтан көмек сұрастыра жүріп, қазақтың жомарт пейілді жаужүрек ұлы Қанат Исламға осы жайды жеткізеді.Былғары қолғап батыры ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен 5-ші шілдеде Алматыда өткен "Қанат Исламмен бокс кеші" атты шарадан жиналған қаржының бір бөлігіне көп балалы отбасыға баспана алып беруді ұйғарған.

Анықтама:"Ел-Несібе" Қайырымдылық қоры" Қоғамдық қоры 23.04.2019 ж тіркелген. Бастауын 2017 жылдың 22 наурызынан "Нұрлы жүрек" еріктілер қайырымдылық тобынан алады. Осы уақытқа дейін 21 отбасыға қаржылай және материалдық көмек көрсетілді. Олардың ішінде 4 отбасыға көмек тұрақты түрде көрсетілуде. Қор тек Нұр-Сұлтан қаласы ғана емес, Семей, Өскемен, Қарағанды, Шымкент қалаларында да мұқтаждарға қолын ұшын созуда. Семей қалалық Жайдарман КВН одағымен "Қайырымдылыққа бағытталған жоба", Нұр-Сұлтан қ. Әкімдігінің Руханият КММ жүйелі түрде ай сайын "Мейірімді қала" Қайырымдылық футболын ұйымдастырады.

QAZAQ PROMOTIONS спортшыларды - жаңадан бастаушыларды да, кәсіпқойларды да жарнамалаумен; әртүрлі категориялар мен деңгейлердегі турнирлерге күрескерлерді іріктеумен айналысады. Толық қолдауымен бокс және киберспорт бойынша ірі турнирлер ұйымдастырады.

QAZAQ Promotions - QPTV-нің бас серіктесі. QPTV - бұл кез-келген гаджеттерден, соның ішінде смарт теледидардан, ойын консольдерінен, компьютерлерден және т. б. спорттық және кибер-спорттық онлайн трансляцияларды көруге жаңа мүмкіндік. Qptv стримингтік платформасы бүкіл әлем бойынша, соның ішінде Қытай Халық Республикасында да бір уақытта 200 миллионнан астам пайдаланушыларды таратуға қабілетті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны