09.07.2021, 23:20 14125

"Қандыағаш-Мақат" тас жолындағы жол жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады

Жұмыстар аяқталғаннан кейін Қандыағаштан Мақатқа дейінгі жүру уақыты шамамен 4 сағатты, ал Атырауға дейін 6 сағатты құрайды.
АҚТӨБЕ. 9 ШІЛДЕ - "Қандыағаш-Мақат" тас жолындағы жол жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ағымдағы жылдың екінші жартысында жолшылар Ақтөбе мен Атырау облыстарын байланыстыратын республикалық маңызы бар "Қандыағаш-Мақат" автомобиль жолын реконструкциялауды аяқтауды жоспарлап отыр", - деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде.

 
Аталған жол өткен ғасырдың 60-жылдарында салынған болатын. 50 жылдан астам уақыт бойы мұнда тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп келген. Сондықтан соңғы уақытта автокөлік жүргізушілері тас жол бойындағы ауыл арасындағы жолдармен жүруге мәжбүр болды. Реконструкция жобасы жалпы ұзындығы 304 шақырым болатын жеті учаскені, сондай-ақ теміржол арқылы 11 көпір мен екі жол өтпесін салуды қамтиды.
 
Министрлік жұмыстар аяқталғаннан кейін Қандыағаштан Мақатқа дейінгі жүру уақыты шамамен 4 сағатты, ал Атырауға дейін 6 сағатты құрайтынын хабарлады.
 
Жобаны іске асыруға шамамен 1000 адам мен техниканың 680-нен астам бірлігі жұмылдырылған.
 
Бұдан бөлек, жоба аясында Атырау облысы Мақат ауданының Доссор ауылына айналма жол салынуда. Бұл Доссор тұрғындары үшін қауіпсіз жағдай жасайды.
 

Жалпы, жобаны іске асыру көлікке қол жетімділікті арттырады, сондай-ақ, жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамыту және демалыс орындарын ұйымдастыру арқылы жергілікті халықтың кәсіпкерлік қызметіне оң әсер етеді", - деп хабарлады ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны