12.10.2015, 12:52 3718

Анкарадағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 128-ге жетті

Алайда ресми түрде 97 адамныӊ көз жұмғандығы расталған болатын. Қаза болғандардыӊ арасында бір палестиналық азамат, ал қалғандары Түркия азаматтары. Ел астанасындағы және басқа қалалардағы қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Қауіпсіздік қызметі күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде

Астана. 12 Қазан. Kazakhstan Today - Жарты мыӊға жуық адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алайда ресми түрде 97 адамныӊ көз жұмғандығы расталған болатын. Қаза болғандардыӊ арасында бір палестиналық азамат, ал қалғандары Түркия азаматтары. Ел астанасындағы және басқа қалалардағы қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Қауіпсіздік қызметі күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

Естеріӊізге сала кетейік, сенбі күні Анкарадағы темір жол вокзалында белсенділер шеруі кезінде екі жарылыс болған еді. Тергеу амалдары бойынша лаӊкестік әрекетті екі жанкешті жасаған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны