28.05.2009, 14:38 2467

Анталияда жол апатынан зардап шеккен барлық Қазақстан азаматтары ауруханадан шықты - СІМ

Анталияда жол апатынан зардап шеккен барлық Қазақстан азаматтары ауруханадан шықты - СІМ

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Анталияда жол апатынан зардап шеккен барлық Қазақстан азаматтары Сиде қалалық ауруханасынан шықты. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Бүгін" агенттігіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті.

"27 мамыр күнгі кешкі жағдаймен Анталияда жол апатынан зардап шеккен барлық Қазақстан азаматтары Сиде қалалық ауруханасынан шықты. Олар бұдан әрі қонақүйде дәрігердің бақылауында болып , ақыл-кеңес алады. Артықша зардап шеккен азаматтардың жағдайы тұрақты және жақсара түсті. Ал басқалары қазір өз жоспарларына сәйкес демалып жатыр", - деді І. Омаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны