07.11.2019, 18:15 7687

Маңғыстау облысы аумағында "Anti-fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Облыс көлемінде интернет-алаяқтық бойынша 5 дерек тіркелді. Жедел-іздестіру барысында 1 ашылмай тұрған интернет желісі арқылы жасалған алаяқтық қылмыс дерегі ашылды.

Нұр-Сұлтан. 7 қараша. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 5-6 қараша күндері Маңғыстау облысы аумағында "Anti-fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Шараның мақсаты - ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстардың жолын кесу.

Облыс көлемінде интернет-алаяқтық бойынша 5 дерек тіркелді. Жедел-іздестіру барысында 1 ашылмай тұрған интернет желісі арқылы жасалған алаяқтық қылмыс дерегі ашылды.

Нақтырақ айтқанда, Қарақия аудандық Полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері "Anti-fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 2019 жылдың қаңтар айында белгісіз тұлға қасақана, пайдакүнемдік ниетімен "Whatsapp Messenger" әлеуметтік желісі арқылы жәбірленушінің 30 000 (отыз мың) теңге ақшасын иемденгісі келіп, "KIWI" әмиянға ақша салдырған. Аталған дерек бойынша шұғыл-іздестіру шарасы нәтижесінде Қарақия ауданының тұрғыны екені анықталып, ұсталды. Күдіктіден мойындау жауабы алынды. Қарақия аудандық Полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 24-3-бабы, 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағымен тіркелді.

Тағы бір ақпараттық технологиялар саласында қылмыс дерегі 06.11.2019 жылы Ақтау қаласында орын алды. Ғаламтор желісіндегі "Kizdar.нет" сайтына ашық түрде порнографиялық суреттерін салғаны және жарнамалағаны үшін Өзбекстан Республикасының азаматшасы анықталып, ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 311-бабына сәйкес СДТБТ-не тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны