11.05.2012, 17:04 3001

Апатқа ұшыраған ресейлік ұшаққа құтқарушы топ жөнелтілді

Мамандар апат орнына жету үшін орманды және таулы жерлермен жүруге мәжбүр.

Астана. 11-мамыр. Kazakhstan Today - Индонезияның Ява аралында апатқа ұшыраған ресейлік ұшаққа құтқарушы топ жөнелтілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мамандар апат орнына жету үшін орманды және таулы жерлермен жүруге мәжбүр.

Sukhoi SuperJet-100 жолаушылар ұшағында 47 адам болғаны анықталды. Олардың бәрі қаза тапты деген күдік бар. Изірге ұшақтың кейбір сынықтары ғана табылған. Ресейлік ұшақтың апатқа ұшырау себептерін анықтау 1 жылға дейін созылып кетуі ықтимал делінеді. Оған себеп - таулы бөктерде апатқа ұшыраған ұшақтың барлық сынықтарын табу қиынға соқпақ. SuperJet-100 Ява аралының батысындағы Салак тауының тік жарлы бөктеріне келіп соғылған болатын. Бұл жер Индонезия астанасы Джакарта қаласынан 60 шақырымдай жерде орналасқан.

Sukhoi SuperJet-100 радар экрандарынан 9 мамырда, Джакартадағы көрсетілім кезінде аспанға көтерілген соң 21 минуттан кейін жоғалып кеткен. Ол осыған дейін Азияның 3 елінде көрсетілген. Ресейліктер 170 тапсырыс берілген ұшақты әлем бойынша кеңінен жарнамаламақ болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны