03.04.2020, 16:22 7408

Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлері пара алуда күдікті болды

Күдіктілер кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлері пара алуда күдікті болды.

Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-нің бас маманына, осы бөлімнің сектор меңгерушісі мен риелторға қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бас маман делдал - осы бөлімнің сектор меңгерушісі арқылы қосымша жер телімін бөлу бойынша оң шешім шығару үшін риелтордан 100 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікті болды.

Сонымен қатар, аталған факт бойынша осы мемлекеттік мекеменің сектор меңгерушісіне парақорлыққа делдалдық фактісі бойынша және риелторға қатысты пара беруге арандату фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.

Күдіктілер кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны