05.06.2020, 13:47 8299

"Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-нің басшылығы жүйелі түрде пара алып келген күдікті деп танылды

"Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan Today - "Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-нің басшылығы жүйелі түрде пара алуда күдікті болды.

Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2019 жылдың қарашасы және 2020 жылдың наурызы аралығында жер телімдерін беру және жерге орналастыру жобаларын бекітуде көмек көрсеткендері үшін "Kaspi Gold" картасына аудару арқылы жүйелі түрде пара алған "Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тергеу жалғасуда.

Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны