16.02.2021, 16:27 7883

Қарағанды фармакологиялық кешені Спутник-V вакцинасына тіркеу куәлігін алды

Қарағанды. 16 ақпан. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 15 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті ДЗСҰО-ның 2021 жылғы 13 ақпандағы қорытындысы негізінде Гам-КОВИД-Вак вакцинасына тіркеу куәлігін берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылдың 13 ақпанында препарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Сараптама ұйымы тіркеу дерекнамасының материалдарын қарау нәтижесі бойынша вакцинаның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытындысын алды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауының арқасында 15 ақпанда тіркеу куәлігі берілді.
 
Ақпан айының соңында еліміздің барлық өңірлеріне ҚФК өндірген "Спутник V" вакцинасының 90 мыңға жуық дозасын жеткізу жоспарланып отыр. 
 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының Сараптама комиссиясы Гам-КОВИД-Вак вакцинасы қауіпсіз, сапасы мен тиімділігі жоғары деген қорытынды шығарды. Яғни, Қазақстан ресейлік "Спутник V" вакцинасын тіркеген 27-ші ел", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінде.

 
Қазақстан Республикасында өндірілген COVID-19 коронавирусқа қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеудің бекітілген қағидаларына сәйкес Сараптама комиссиясы Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының, медицина, биология, микробиология, иммунология және эпидемиология саласындағы медициналық және бейінді ұйымдардың мамандары мен сарапшыларынан, сондай-ақ, биоэтика жөніндегі орталық комиссияның өкілдерінен құрылды.
 

Вакцинаны тіркеу нәтижесінде коронавирус инфекциясының алдын алу үшін халықты жаппай вакцинациялауға және ұжымдық иммунитет қалыптастыру процесін жеделдетуге мүмкіндік туады", - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

 
РФ ДСМ "Н.Ф.Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы" ФМБМ әзірлеген коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған "Спутник V" вакцинасы Ресейде 2020 жылдың тамыз айында тіркелген. Ресей мен Қазақстан арасындағы үкіметтік келіссөздер нәтижесінде "Спутник V" вакцинасын елімізде өндіру туралы келісімге қол қойылды. Вакцинаның өндірістік және технологиялық процесі жартылай "Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС базасына ауыстырылды. Қарағанды фармацевтикалық кешеніне GMP сертификаты (тиісті өндірістік практика) берілген.
 
Гам-КОВИД-Вак – бұл адам үшін патогенді SARS-CoV-2 вирусы пайдаланылмайтын биотехнологиялық жолмен алынған біріктірілген векторлық вакцина. Препарат екі компоненттен тұрады, әрқайсысының құрамына адам аденовирусы негізіндегі рекомбинантты аденовирустық вектор кіреді. "The Lancet" журналы жариялаған деректерге сәйкес, вакцинаның эпидемиологиялық тиімділігі 91,6% құрады.
 
Бірінші кезеңде инфекциялық стационар, жедел медициналық көмек, сондай-ақ, КВИ ауруын жұқтыру қауіпі жоғары басқа да бейінді медицина қызметкерлері екпе салдырады. Ал наурыз айынан бастап педагог, күш құрылымдарының қызметкерлері қосылады. Вакцина 18 жастан асқан азаматтарды коронавирус инфекциясына қарсы профилактика мақсатында салынады.
 
Вакцинациядан қорғаныс әсері бірінші дозадан кейін 12-14 күнде байқалады, толық иммунитет қалыптасу үшін араға 21 күн салып екінші доза қабылдау керек. Вакцина курсы аяқталғаннан кейін 1,5 ай ішінде ағзада иммундық реакция пайда болады, сондықтан вакцина салдырғандар алдын алу шараларын сақтау қажет.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны