22.04.2020, 20:59 12904

Қарағанды көшелерін күн сайын 200-ден астам адам залалсыздандырады

Қарағанды. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағандыда залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда. Бұл шараны Қарағанды гарнизонының еріктілері мен әскери қызметшілері өткізеді.

Бүгін бүріккіштермен Бұхар-жырау, Нүркен Әбдіров даңғылдары және Әлиханов, Ерубаев көшелері өңделді. Аталмыш жұмыстарға бес авто бүріккіш станциясы, үш өрт сөндіру автоцистерналары жұмылдырылды.

Қарағанды көшелеріне күніне 200-ден астам дезинфектор шығады. Олар 8,5 млн шаршы метрге жуық қоғамдық аумақты өңдеді. Бұған 62 тоннадан астам дезинфекциялық ерітінді қолданылды. Санитарлық өңдеу тұрғын үйлердің аулаларында, балалар алаңдарында, жаяу жүргіншілер жолдарында, аялдама павильондарында және Октябрь ауданы мен Қазыбек би атындағы жол бөліктерінде өтеді.

Запастағы әскери міндеттілер арасынан жинақталған еріктілер тобын бүріккіштермен жұмыс істеуге жібермес бұрын, олар үш күндік оқу курсынан өтті. Дезинфекторлардың қосымша қауіпсіздігі үшін олармен бірге дәрігерлер бригадасы еріп жүреді. Күніне үш рет барлық қызметкерлердің температурасы өлшенеді. Еріктілер мен әскери қызметшілерді жұмыс орындарына арнайы автобустарда жеткізеді, оларды әрбір рейстен кейін залалсыздандырады. Жұмысқа тартылғандар "Патриот" қорғаныш костюмдерімен, респираторлармен және аспалы бүріккіштермен қамтамасыз етілген.

- Міне, арқамызға осылай 25 кг жүк тиейміз. Оны асып аламыз да, күні бойы жүреміз. Барлығымызды жақсы жабдықтағаны қуантады. Бірақ әрине жігіттер шаршайды. Аяқтары қажалады, бірақ ол қалыпты жағдай. Күніне біз 20 шақырымнан астам жүріп шығамыз, - дейді запастағы аға лейтенант "Жас Сарбаз" қозғалысының төрағасы Рустам Жаналиев.

Аспалы бүріккіштегі хлорлы ерітіндінің қоры 100 метрге жетеді. Күніне 20 адамнан тұратын бригада 2,5 тонна дезинфекциялау құралдарын жұмсайды.

- Қала тұрғындары түсіністікпен қарайды. Біз аулаларға жұмыс істеуге барғанымызда қарағандылықтар терезеден бізге қол шапалақтаған сәттер болды. Олар біздің жұмысымыздың маңыздылығын түсінгені өте қуантады, - деді "Астана" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Қанат Дайыров.

Ол сондай-ақ дезинфекциялау шараларының тиімділігі қала тұрғындарының карантинді қаншалықты қатаң сақтауына тікелей байланысты екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны