06.08.2020, 22:40 7175

Қарағанды облысының ауыл мектептерінің 200 оқушылары My? bala ұлттық олимпиадасында жеңіс үшін күреске түседі

Осы жылы ақпан - наурыз айларында бірінші, сырттай кезеңі өтті. Ол қашықтықтан өтті. Ақпараттық-аналитикалық орталық алты пән бойынша екі тоқсандағы үлгерім деректерін өңдеді. Бұл математика, жаратылыстану, информатика, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Алматы. 6 тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының ауыл мектептерінің 200 оқушылары My? bala ұлттық олимпиадасында жеңіс үшін күреске түседі.

Ұйымдастырушысы "Елбасы Академиясы" корпоративтік қоры болып табылатын My? bala ұлттық олимпиадасы ауылдық жердегі дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған. Жыл сайын ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Марапаты еліміздің үздік оқу орындарында оқу мүмкіндігі болып табылады.

Осы жылы ақпан - наурыз айларында бірінші, сырттай кезеңі өтті. Ол қашықтықтан өтті. Ақпараттық-аналитикалық орталық алты пән бойынша екі тоқсандағы үлгерім деректерін өңдеді. Бұл математика, жаратылыстану, информатика, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Нәтиже бойынша еліміздегі ауыл мектептерінің 5 мың үздік бесінші және алтыншы мектеп оқушылары іріктелді.

Екінші, тікелей кезең мерзімдері карантинге байланысты екі рет ауыстырылды. Ұйымдастырушылар жаңа күнді анықтады. Ақырғы тур Қарағанды қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында 21-22 тамызда өткізу жоспарлануда.

Олимпиаданың мыңдаған жеңімпаздары компьютерлік тестілеу жолымен анықталады. Логикаға және кеңістіктік ойлауға тапсырмалар орындау талап етіледі.

Қарағанды облысында екінші кезеңге 200 мектеп оқушылары өтті.

Жеңімпаздарға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқуды ұсынады. Олимпиаданың барлық қатысушылары одан әрі оқуға және дағдыларын дамытуға арналған El ?miti дамытушы онлайн-платформаға тегін кіру рұқсатын алады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны