18.03.2020, 19:17 3456

Қарағанды облысының жолдарында санитарлық бекеттер ұйымдастырылды

Қарағанды облысына кіреберіс жолдарда санитарлық бекеттер ұйымдастырылды. Олар Нұра ауданында, Қарағанды қаласының Октябрь ауданында, Жезқазған, Теміртау және Балқаш қалалары маңында пайда болды.

Алматы. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының жолдарында санитарлық бекеттер ұйымдастырылды.

Қарағанды облысына кіреберіс жолдарда санитарлық бекеттер ұйымдастырылды. Олар Нұра ауданында, Қарағанды қаласының Октябрь ауданында, Жезқазған, Теміртау және Балқаш қалалары маңында пайда болды.

Санитарлық бекеттерде өңірге келгендердің барлығында коронавирустық инфекция белгілерінің бар-жоғы тексерілетін болады. Бұл жұмысты тәулік бойы жүргізу жоспарланып отыр. Бекеттерде тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің мамандары кезекшілік етеді.

Естеріңізге сала кетейік, облыстың барлық автопарктері күшейтілген санитарлық бақылау режиміне көшкен болатын. Аталмын ережеге сай барлық жолаушылар автобустарының және маршруттық таксидің салондары әрбір рейс басталар алдында және аяқталғаннан кейін дезинфекциялық ерітінділермен өңделеді.

Жүргізушілер мен кондукторларды ауысым басталар алдында дәрігерлер тексереді. Егер оларда инфекция белгілері байқалса, онда оларды жұмысқа жібермейді.

COVID-19 коронавирусының алдын алу мәселелері бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінде (8-7212) 50-76-46 нөмірі бойынша жедел желі ашылды

ЕРДО қызметкерлері жұмыспен қамту басқармаларының өкілдерімен Еңбекминінің жол картасы аясында жұмыс орындарын құру бойынша дағдарысқа қарсы шараларды талқылауда

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ (бұдан әрі - ЕРДО) апта бойы өңірлердің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік қорғау басқармаларының қызметкерлерімен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің жаңа Жол картасын қалыптастыру және инфрақұрылымдық жобалар бойынша жұмыс орындарын құру бөлігінде дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу мәселелері бойынша кеңестер өткізеді.

"ЕРДО" АҚ вице-президенті Балжан Шәменованың айтуынша, экономикалық тұрақсыздық қаупіне байланысты әлеуметтік шиеленіс деңгейін төмендетуге ықпал ететін және жұмыссыздықтың өсуіне кедергі келтіретін қажетті шешімдер кешенін қабылдау қажет.

Кеңес барысында жекелеген өңірлердің проблемалық бағыттары талқыланады, олар бойынша жұмысты жандандыру қажет, мемлекеттік бағдарламалар бөлінісінде инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері, жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жастарды, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды, табысы аз азаматтарды жұмысқа орналастыру жөніндегі жоспарлар қарастырылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны