27.02.2023, 09:47 18446

Қарағанды тұрғынынан 280 млн теңгеге акциздік маркасы жоқ темекі тәркіленді

Жарты миллионға жуық қорап темекі табылды
Қарағанды. 27 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қарағанды тұрғынынан құны 280 млн теңгеден асатын акциздік маркалары жоқ жарты миллионға жуық қорап темекі табылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Агенттіктің облыстық департаментінің қызметкерлері көлеңкелі экономика саласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, оның барысында қала тұрғынының заңсыз кәсіпкерлік қызметі әшкереленді.

Қоймаларды тінту кезінде жалпы сомасы 432 мыңнан астам қорапты құрайтын әртүрлі маркалы және атаудағы темекі өнімдері табылып, тәркіленді. Мамандардың қорытындысына сәйкес, есепке алынбаған тәркіленген темекі өнімдерінің жалпы құны 280 миллион теңгеден асады", - деп хабарлады ҚМА.


Сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны