Система Orphus

Қарағандыда "RoboLand 2020" VI-шы халықаралық фестивалі өтеді

13.01.2020, 15:49 9883

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Қарағандыда 27 және 28 наурыз аралығында робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың "RoboLand 2020" VI-шы халықаралық фестивалі өтеді.

Фестивальді ұйымдастырушы -Халықаралық спорттық және білім робототехника ассоциациясы, Kazdidaс ассоциациясы және демеушілер мен серіктестердің қолдауымен Қарағанды облысының Білім басқармасы болып табылады.

Дәстүр бойынша фестиваль қарсаңында "Қарағандылық кездесулер" - жаттықтырушылар мен ұстаздардың форумы өтеді. Кең ауқымды іскерлік бағдарламада семинарлар, робототехника бойынша қазақстандық және шетелдік жетекші мамандардың шеберлік сыныптары мен тұсау кесерлері қарастырылған.Робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың "RoboLand 2020" VI-шы халықаралық фестивалінің ақтық жарыстары 2020 жылдың 27-28 наурызы аралығында "Жастар" спорт кешенінде ("Шахтер" стадионы аумағында) өтеді. Іріктеу жарыстары Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында және Қазақстан мен Ресейдің түрлі өңірлерінде жыл бойы өтуде. Қатысушылардың жасы 4 пен 21 жас аралығында.

RoboLand -Қазақстандағы алғашқы ірі робототехникалық жоба. Ол өзіндік тарихы бар, техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялардың ең ауқымды, танымал әрі беделді форумы, жаңа кездесулер мен тәжірибе алмасу ортасы, білім жүйесі мен робототехника арасын жалғаушы құрал.

Алғашқы фестиваль 2015 жылы өтті. Онда 5 номинацияда 30 команда жарысты. Бір жылдан соң республикалық фестиваль халықаралық дәрежеге жетті. Бесінші, мерейтойлық "RoboLand 2019" ұйымдастыру комитеті жарыстар үшін ең қызықты 15 санатты таңдады. RoboLand Party ойын-сауық алаңында балалар ресми емес форматта әңгімелеседі.

Робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың VI-шы халықаралық фестиваліөз қатысушыларына 14 санатты ұсынады. Олардың төртеуі үлгілік болады: "Лабиринт -балалар", "Робо-геометрия", "Rescue-maze" және "3D-Автомодельдеу". RoboLand географиясы да кеңейеді.

"RoboLand 2020" бағдарламасында алдыңғы көрермендерге арналған шоу мен тұсау кесерлер де, және де барлық келушілер үшін өздігімен роботтарды басқару қалады.

RoboLand өзгеріссіз қалатын нәрсе ол - электронды жүйе арқылы тіркелу және қорытындыларды шығару, тәуелсіз кәсіби қазылар алқасы және робототехника бойынша жаңа өнімдер көрмесі.

Фестиваль жайлы толық ақпарат пен бағдарламаны www.roboland.kz сайтынан таба аласыздар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны