14.12.2007, 16:56 3500

Арал өңірінде жетім балаларға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі

Арал өңірінде жетім балаларға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі

Қызылорда. 14-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында 17-желтоқсаннан бастап балалар құқығын қорғау департаментінің бастамасымен жаңа жыл қарсаңында жетім балаларға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне балалардың құқығын қорғау департаментінің директоры Арман Қаржаубаев хабарлады.

А. Қаржаубаевтың айтуынша, жаңа жыл алдындағы онкүндікте қайырымдылық концерттері мен қуыршақ көріністері, тұрмысы төмен отбасыларының балаларына жаңа жылдық сыйлықтар тарату және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.

"Іс-шараның мақсаты - қоғам назарын балалардың проблемаларына, өскелең ұрпақтың рухани және адамгершілік тұрғыдан тәрбие алуына аудару болып табылады",- деп хабарлады А. Қаржаубаев.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде Қызылорда облысында ата ананың қамқорлығынан айырылған 1,5 мыңға жуық жетім бала, сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі 2,5 мың бала бар. Жоспарланып отырған іс-шараны өткізу үшін "Сыр болашағы" корпоративті балалар қорының арнайы есепшоты ашылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны