24.07.2008, 13:11 1401

Арал өңіріне күріш өсіруді дамытуға бағытталған жаңа арнаулы бағдарлама қажет - вице-премьер

Арал өңіріне күріш өсіруді дамытуға бағытталған жаңа арнаулы бағдарлама қажет - вице-премьер

Қызылорда. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысына күріш өсіруді дамытуға бағытталған жаңа арнаулы бағдарлама қажет. Бұл туралы кеше республиканың вице-прмьері Өмірзақ Шүкеев Сырдария ауданындағы күріш ақтайтын шаруашылықтарды аралағаннан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"30 центнерден аспайтын қазіргі шығымдылық көкейге қонымсыз. Еуропа елдерінде тіпті 90 центнер шығымдылыққа ешкім таңданбайды", - деді вице-премьер Сырдария ауданының орталығы -Тереңөзекте агроқұрылымдардың басшыларымен кездесуде.

Вице-премьердің айтуынша, "шаруашылықтарды дұрыс жоспарлау арқылы да шығымдылықты 60 центнерге дейін ұлғайтуға болады". "Біз шетелдік кеңесшілермен келіссөздер жүргіздік, олар осындай бағдарлама жасауға жәрдемдесуге дайын. Күріш стратегиялық тауарға айналды. Сол себепті оны өндіруге мемлекет тарапынан қолдау көрсету аясы кеңейді. Биыл дотациялар әр гектарға 7,5-тен 20 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы жаңа түсімнен күріш сатып алуды жоспарлауда",- деді ол.

Үкіметтік делегацияның Арал аймағына жасаған жұмыс сапарының қорытындысы шығарылған әкімдіктегі кеңесте Ө.Шүкеев "іс жүзінде қараусыз қалған коллекторлық-дренаждық желілерлі облыстық коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беруді" ұсынды. Биологиялық тазарту станциясының жұмыс істемей тұрғандығына газар аударылды. Вице-премьер бұл мәселемен арнаулы үкіметтік комиссия айналысуға тиіс екенін айтты.

"Қоршаған ортаны қорғау министрі өзінің нысандарын қадағаламайды", -деді вице-премьер. Ол сондай-ақ, Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовтың Құмкөл кенішінен шығып жатқан арзан ілеспе газбен жұмыс істейтін тағы бір газқұбырлы электр станциясын салу жөніндегі ұсынысын қолдады.

"Елдің оңтүстігінде электр қуаты қат бола түсті. Қызылорда облысының өзі жарықтың 80 пайызын сырттан алады", - деді Ө.Шүкеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны