27.12.2006, 12:30 3989

Арал теңізінде балықшыларды іздеу жұмыстары аяқталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today. Арал теңізінде балықшыларды іздеу жұмыстары сейсенбі күні кешке аяқталды деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне Қызылорда облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Мұхит Ақдаулетов.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жексенбі күні Арал ауданының жағалаудағы Бөген және Қарашалан ауылдарының балықшылары көлемі 8-де 15 шақырымдық опырылған сеңде ашық теңізде қалып қойған. Жағалаудағы Қамбаш ауылында орналасқан ұтқыр топ дабыл бойынша шақырылған, ал Қызылордадан 15 құтқарушы шыққан болатын. Күшті желге қарамастан құтқарушылар моторлы қайықпен теңізге шығып, кешке жақын сеңді тапқап. Барлық 61 адам жағаға жеткізілді.

Тұтқарушылар сонда да іздеу жұмыстарын жалғастырды. "Екі күн бойы Бөген және Қарашалан ауылдарының тұрғындарының барлығының үйде екендігіне тексеру жүргізілді. Ал құтқарушылар қайықтарымен теңіздегі радиобайланыстың естілу аясында тексеру жұмыстарын тоқтатпады",- деді М. Ақдаулетов.

Кеше кешке ауа райының жақсаруының арқасында Алматыдан "Казавиаспас" тікұшағымен ұшып келген мамандар Кіші Аралды айнала ұшып тексеруді аяқтады. "Құтқарушылар Қаратерең ауылының екі балық жинаушысын тапты, олар жағалауды бойлай ауылдан 25 шақырымға алыстап кеткен. Балық жинаушылар тіпті жағалауда болып жатқан әбігершіліктен, өздерінің хабар-ошарсыз кеткендердің тізімінде екендігінен хабарсыз болған", - деді төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны