10.01.2010, 14:32 6589

Арал теңізінің батыс бассейні қалпына келтірілуі мүмкін - сарапшылар

Арал теңізінің батыс бассейні қалпына келтірілуі мүмкін - сарапшылар

Қызылорда. 10 қаңтар. Kazakhstan Today - Арал теңізінің батыс бассейні қалпына келтірілуі мүмкін. Бұл туралы Санкт-Петербург қаласында өткен "Арал - өткені, бүгіні, келешегі" атты халықаралық конференцияға қатысушылар қабылдаған мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today конференцияның ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.

"Арал теңізі бассейнінің су ресурстрын лайықты басқаруды жолға қою қажет, ал ол өз кезегінде мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен бірлескен жұмысты талап етеді. Ең басты шара - замануи технологиялар мен суармалы егін шаруашылығы әдістерін кеңінен қолданысқа енгізу. Бұл алынатын су көлемін азайтуға алып келеді", - делінген ғалымдардың мәлімдемесінде. Олар Арал теңізін зерттейтін және кешенді экологиялық мониторинг жүргізетін халықаралық комитет құруды ұсынады. Ол халықаралық жұмыс тобы жасап шығарған Арал теңізі мен Арал аймағының ахуалын жақсарту жөніндегі БҰҰ-ның 1990 - 1992 жылдардағы Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының идеяларын қарастырмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны