28.04.2008, 14:46 3119

Арал теңізінің кеуіп қалған учаскесіне сексеуіл отырғызыла бастады

Арал теңізінің кеуіп қалған учаскесіне сексеуіл отырғызыла бастады

Қызылорда. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан аумағындағы Арал теңізінің кеуіп қалған учаскесіне сексеуіл отырғызыла бастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Қазақстан Республикасының орманын қорғау және орман аумағын ұлғайту" атты жаңа экологиялық жобаның аумақтық менеджері Даулет Баялимовқа сілтеме жасай отырып.

"Бұл Дүниежізілік банктік Қазақстандағы орман шаруашылығына арналған бірінші жобасы ", - деп атап өтті Халықаралық қайта құру және даму банкінің жоба кураторы Джессика Мотт өткен жылы Қызылордада өткен жобаның тұсаукесер рәсімінде. Оның сөздері бойынша, бұл жоба ҚР үкіметі мен Илемдік банктің қатысуымен Солтүстік Арал теңізін құтқару жөніндегі бағдарламасына ұқсас.

"Сәуір айынан бастап Қызылорда облысында жоба жүзеге асырыла бастады. Арал ауданында бірінші 500 гектарға сексеуіл тұқымы отырғызылып үлгерілді", - деп хабарлады Д. Баялімов. Оның сөздері бойынша, экологиялық жоба бойынша Арал теңізінің кеуіп қалған 80 мың гектарынан аса жерді көгалдандыру жұмыстарына $10 млн бөлінеді.

10 жылдық экологиялық жобаға кіргізілген тағы да бір мәселе- жайылымдар. Арал маңында 75 мың гектар жайылымды қалпына келтіру қарастырылған. Сексеуілден басқа тағы да басқа шөптер мен бұталар отырғызылады.

"Біздің жоспарымызда сексеуілді өсіретін көшет-питомниктерді және ғылыми -зерттеу станциясын ашу қарастырылған. Бұрынғы теңіз түбі заманауи құрал-жабдықтар көмегімен өңделіп дайындалады. Жобаны жүзеге асыру кезеңінде 8 мың жергілікті тұрғын жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі", -деп түсіндірді аймақтық жобаның менеджері Д. Баялімов . Оның айтуынша "жоба аясында жеке гранттар да қарастырылған. Оған кәсіпкерлер, ғалымдар, халықаралық кәсіпорындар, жергілікті қоғамдық ұйымдар және шаруа қожалықтары қатыса алады. Соңғы екі ұйым өкілдеріне ерекше көңіл бөлінеді ". Үздік жобалар кейін Қазақстанның барлық аумағында пайдаланылатын болады.

"Қазақстан Республикасының орманын қорғау және орман ауқымын ұлғайту" атты халықаралық экологиялық жобасы Арал теңізінің кеуіп қалған түбіне өсімдік отырғызу және Қызылорда облысының жайылымдарын қалпына келтіру жұмыстарымен бірге, Шығыс Қазақстан және Павлодар облысында бірегей қарағайлы ормандарды сақтау қарастырылған. 10 жылдық жобаның жалпы құны $ 63,8 млн құрайды. Болжам бойынша Шығыс Қазақстан және Павлодар облысында 19 мың, ал Қызылорда облысында 8 мыңнан аса жұмыс орны ашылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны