05.04.2010, 11:05 14596

Арал теңізінің құрып кетуі - әлемдегі ең қорқынышты экологиялық апаттардың бірі - Пан Ги Мун

Арал теңізінің құрып кетуі - әлемдегі ең қорқынышты экологиялық апаттардың бірі - Пан Ги Мун

Алматы. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Жексенбі күні БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Өзбекстан үкімет басшысы Шавкат Мирзиеевпен бірге құрып бара жатқан Арал теңізінің үстімен ұшып шықты. БҰҰ бас хатшысы Арал теңізінің құрып кетуі - әлемдегі ең қорқынышты экологиялық апаттардың бірі деп атай отырып, жер бетіндегі ресурстарды сақтап қалу үшін ұжымдық күш-жігер қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today БҰҰ сайтына сілтеме жасап.

"Бұл - аса қорқынышты көрініс болды", - деді журналистерге берген сұхбатында Пан Ги Мун Нүкіс қаласына келіп қонғаннан кейін. "Бұл - әлемдегі ең қорқынышты экологиялық апаттардың бірі екені айқын. Бұл оқиға менің жүрегімде аса терең әсер қалдырды. Мұндай ұлы теңіздің құрып кетуі аса өкінішті", - деп мәлімдеді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны