31.05.2017, 16:36 8010

Арал теӊізініӊ шығыс жағалауынан "Жасыл белдеу" жасақталады

Форум аясында деректі және ғылыми танымдық фильмдер көрсетіліп, Арал өӊірі мен Арал туралы авторлық көркем туындылар мен ғылыми монографиялар таныстырылады.

Қызылорда. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылордада бірінші Арал халықаралық тұрақты даму форумы өтіп жатыр.

Форумныӊ мақсаты - Арал өӊірініӊ экологиялық және әлеуметтік - экономикалық жағдайы туралы кеӊірек ақпараттандыру, өзекті мәселелерге әлемдік қауымдастықтыӊ назарын аудару.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Г.Ибдіхалықова, Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасыныӊ және Орталық Азия елдерініӊ орталық және жергілікті мемлекеттік органдарыныӊ басшылары, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердіӊ басшылары, халықаралық ұйым өкілдіктерініӊ жетекшілері, ғалымдар, сарапшылар және т.б. қатысты.

Форумныӊ ашылуында Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті, Елбасы Н.И.Назарбаевтыӊ Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ мінберінде Арал теӊізініӊ мәселесі біздіӊ өӊірге ғана емес, бүкіл әлемге қатер төндіретіндігі туралы айтқан мәлімдемесін келтіре отырып, теӊіздіӊ тартылуы салдарынан көтерілген шаӊ мен улы тұз қазірдіӊ өзінде Еуропа мен Антарктидадан табылып отырғандығын атап өтті.

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік Хатшысы Г.Ибдіхалықова алғысөз сөйлеп, Қазақстан Республикасыныӊ Парламенті атынан, сондай-ақ Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан мемлекеттерініӊ делегациялары, Біріккен Ұлтар Ұйымыныӊ, Дүниежүзілік Банк және Еуропалық экономикалық коммисияныӊ өкілдері өз құттықтауларын жолдады.

Аралдыӊ экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселерін талқылаумен қатар, форум барысында индустриалды экология, ғаламдық климаттық өзгерістер, кешенді су тақырыбы мен аталған өзекті мәселелерді шешудіӊ әлемдік тәжірибесі талқыланды.

Форум аясында деректі және ғылыми танымдық фильмдер көрсетіліп, Арал өӊірі мен Арал туралы авторлық көркем туындылар мен ғылыми монографиялар таныстырылады.

Сондай-ақ, Арал бассейнініӊ проблемасы мен Арал өӊірініӊ мәселелеріне елеулі үлес қосқан ұйымдар мен тұлғалардыӊ еӊбектері атап өтіліп, марапатталады және ынтымақтастық туралы бірқатар хаттамаларға қол қойылды.

Осылайша "Арал теӊізініӊ шығыс жағалауынан "Жасыл белдеу" жасақтау, "Жабайы жануарларды климаттыӊ өзгеруіне жерсіндірудіӊ Арал өӊірі орталығын құру" жобасы, "Қамыстыбас" көлініӊ жағалауында "Арал" ғылыми - туристік орталығын" құру бастамасы мен "Қызылорда облысыныӊ Атласын дайындау және ГИС технологиясыныӊ негізінде Арал өӊірініӊ интерактивті электронды картасын" әзірлеудегі бірлескен жұмыстар бағыты белгіленді.

Шараныӊ қорытындысы бойынша қатысушылар форумныӊ қарарын қабылдап, Халықаралық Аралды құтқару қорыныӊ құрылған күн - 26 наурызды "Арал теӊізініӊ күні" ретінде жариялау жөніндегі ХАҚҚ-ныӊ Қазақстандағы Атқарушы Дирекциясыныӊ бастамасын қолдады.

Алдағы уақытта, форум Қызылорда қаласында Арал өӊірі Мемлекеттері басшыларыныӊ саммитін дайындауға ниетті.

Екінші күні форумға қатысушылар Арал теӊізініӊ қазақстандық бөлігін тікұшақпен аралайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны