Қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлығы үшін басшылар қызметтен кететін болады
Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлығы үшін басшылар қызметтен кететін болады.
Бұл жайында 3 желтоқсанда өткен баспасөз-конференциясы барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Мирлан Мұхамбетов баяндады.
Жуырда ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына қол қойған болатын.
"Бұл Тәуелсіз мемлекетіміздің тарихындағы тың жаңалық. Аталған заңның қабылдануы - мемлекетіміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа кезеңін бастады деп айта аламыз. Бүгінгі күні басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілді" - деді, Мирлан Мұхамбетов.
Баспасөз мәслихатындағы ақпаратқа сәйкес саяси мемлекеттік қызметшілер - яғни, министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудан әкімдері олардың тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаса міндетті түрде отставкаға шығуға сұрану керек.
Аталған талаптың орындалуы үшін соттың айыптау үкімі немесе немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істің тоқтатылуы жетіп жатыр.
Ал егер саяси емес, бірақ А және Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері болып табылатын барлық басқа басшылардың қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда заңнамада белгіленген тәртіптік жауапкершілік қарастырылған.
Сонымен қатар, аталған заңнамада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын елемеген басшыларға да қатысты тәртіптік жазаның бар екендігі айтылды.
"Үшінші жаңашылық - нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы енгізу институты қайта жандандырылды. Бұл механизм заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу сатысында ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға мүмкіндік береді" - деп, өз сөзін қорытындылады Департамент басшысы.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Алматыда "Алматы-1" базарын жаңғырту қолға алынған
Алматы-1" базары 1938 жылдан бастап жұмыс істейді. Ауданы 7 мың шаршы метр, онда жылыту және инженерлік желіге қосылмаған контейнерлік типтегі 570 сауда нүктесі бар. Өткен ғасырдың 40-50-ші жылдарында салынған базар ғимараттары тозған және қауіпсіздік стандартына сәйкес келмейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері аталды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Астанадағы экоакцияға қатысушылар арасында фитнес-клубқа абонементтер ойнатылады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мамыр айындағы демалыс: Еңбек министрлігі бұйрыққа қол қойды
Демалыс күні 2024 жылғы 4 мамыр сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылсын", - делінген бұйрықта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда Панфиловшы - Батырлардың шыңына Альпиниада өтеді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан жастары арасында "Бірлескен болашақ, үздік әлем - адамзаттың ортақ тағдырлас тұлғасын қалыптастыру" тақырыбында сурет салу байқауын өткізу туралы хабарландыру
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда "Алматы-біздің ортақ үйіміз" науқанының бірінші аптасының қорытындысы шығарылды
Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны туралы барлық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша орналастырылған баннерлер, постерлер, афишаларға арнайы QR-код арқылы кіруге болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтарына коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуі толық көлемде өтеледі
Наурыз айында электр энергиясына баға өскен кезде біз қолданыстағы өтемақы шарасын 0,6 АЕК-тен 0,75 АЕК-ке дейін арттыру туралы бастама көтердік, сондай-ақ ҚТҚ-ға тарифтің өзгеруін болжай отырып, қосымша 0,8 АЕК-ке дейін арттыруды кепілге қойдық. Халықтың әлеуметтік осал топтары 1 мамырдан бастап 0,8 АЕК алатын болады. Қазірдің өзінде толық өтемақы", - деді Бауыржан Жаубасов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
19.04.2024, 11:11Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге үкімет қандай көмек көрсетеді 19.04.2024, 10:43 2111Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері аталды19.04.2024, 11:03 1781Алматыда "Алматы-1" базарын жаңғырту қолға алынған19.04.2024, 10:39 981Су тасқыны салдарынан эвакуацияланғандар саны 118 мыңнан асты19.04.2024, 10:51 801Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік "Алматы Су" мекемесінің бас директорының орынбасарын ұстады
12.04.2024, 13:37 86236Алматыда арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі12.04.2024, 16:41 85281Үкімет Арқалықта су тасқынынан зардап шеккендерге үй сатып алу үшін қаражат бөлді12.04.2024, 15:45 84496Әскери билеттер цифрлық форматқа ауыстырылды17.04.2024, 15:25 50441Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған цифрлық құралдар әзірленді17.04.2024, 15:31 50246Ұлттық Ғылым академиясының құқықтық мәртебесі Қазақстанда заң жүзінде бекітіледі
20.03.2024, 21:43 133236Президент Алматыға жұмыс сапарымен келді04.04.2024, 16:35 120671Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды20.03.2024, 12:12 120666ҚМА қаржы пирамидаларын анықтау жөніндегі арнайы жобаны іске қосты04.04.2024, 16:30 120456Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады20.03.2024, 12:19 120216Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 24-25 сәуірде Астанада өтеді