25.04.2016, 15:45 3668

Ардагерлерге ТМД аумағында тегін сапарлайды

"Қазақстан темір жолы" ҰК" акционерлік қоғамы Ұлы Жеӊістіӊ 70 жылдық мерейтойына орай 2015 жылдыӊ 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері мен мүгедектері үшін жолаушылар пойыздарында дәстүрлі тегін жол жүру мүмкіндігін ұсынады

Астана. 25 сәуір. Kazakhstan Today - "Қазақстан темір жолы" ҰК" акционерлік қоғамы Ұлы Жеӊістіӊ 70 жылдық мерейтойына орай 2015 жылдыӊ 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері мен мүгедектері үшін жолаушылар пойыздарында дәстүрлі тегін жол жүру мүмкіндігін ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мерекелік шара аясында майдангерлер Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері аумағында темір жол көліктерініӊ барлық санаттары мен бағыттарында (баратын елді мекенге дейін және кері қарай) тегін жүре алады.

Атап айтқанда, ардагерлер қала маӊы пойыздарымен қатар "Тұлпар-Тальго" пойыздарыныӊ "Турист" вагондары мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған купелерде де тегін жүреді.

ТМД елдеріне сапарлау үшін билеттер Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан темір жол кассаларында ресімделеді.

Ол үшін өзімен бірге жеке куәлігі, сонымен қатар, ҰОС ардагері немесе мүгедегі туралы куәлігініӊ түпнұсқасы мен көшірмесі болуы қажет.

Жуырда майдангерлерге "Тұлпар-Тальго" пойыздарында жүруге 99 пайызға дейін жеӊілдік беретін арнайы "Ардагер" дисконттық карта шыққанын естеріӊізге сала кетейік.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігініӊ мәліметінше 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарындағы жағдай бойынша елімізде 3 917 Ұлы Отан соғысына қатысушылар бар.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны