04.12.2013, 19:49 8775

Археология мұражайының 40 жылдығына байланысты конференция өткізіледі

Археология мұражайы 1973 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы Археология институтының жанынан республиканың археологиялық материалдарын сақтап, тұрақты түрде ғылыми зерттеу мақсатында ашылған.

Алматы. 04 желтоқсан. Kazakhstan today. "Ғылым ордасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Археология мұражайының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 5 желтоқсанда сағат 10.00-де Археология мұражайының 40 жылдығына байланысты конференция өткізіледі.

Археология мұражайы 1973 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы Археология институтының жанынан республиканың археологиялық материалдарын сақтап, тұрақты түрде ғылыми зерттеу мақсатында ашылған. 1991 жылдың қыркүйек айынан бастап музей А.Х. Марғұлан атындағы Археология Институтының құрамында жұмысын жалғастырды. 2010 жылдың маусымынан бастап Археология мұражайы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитетінің бұйрығымен "Ғылым ордасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрамына енді. 2013 жылдың 31 тамызында мұражайға 40 жыл толды.

Конференция барысында еліміздің атақты ғалымдары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, атақты археолог, т.ғ.д К.М.Байпаков; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі А.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, Ұлттық Ғылым Академиясының корреспонденті Байтанаев Б.И; ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д. профессор З.С.Самашев, У.А. Жолдасбеков атындағы Құқық және экономика Академиясының ректоры Байғонақов Д.С.баянадама жасайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны