17.09.2009, 16:17 3082

Архиепископ банкирлерді тәубешілікке шақырады

Архиепископ банкирлерді тәубешілікке шақырады

Алматы. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Англикан шіркеуінің басшысы архиепископ Кентерберийский Роуэн Уильямстың (Rowan Williams) мәлімдеуінше, әлемдік қаржы дағдарысына алып келген қателіктерді жібергені үшін банкирлер тәубешілік жасауы қажет. Бұл туралы ол кеше BBC телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Архиепископ банкирлердің болған оқиғаның жауапкершілігін өздеріне жүктеп ала алмағаны үшін халық бұқара тарапынан ашу-ызаны сезіп отырғанын мәлімдей келе, банктердің топ-менеджерлерінің бонустарын мемлекет тарапынан реттеу қажет деген пікір білдірді.

"Қарапайым халықтың ызасын тудырып отырған тағы бір жайт, қазіргі әлемде банкиерлердің еңбекақысы мен олардың тындырғандары арасындағы айырмашылықты түсіндіру қиынға айналып бара жатқанында", - деді архиепископ.

"Мен христиан діндары ретінде банкирлерді тәубеге келуге шақырамын",- деді ол. "Біз бірде-бір банкирдің аузынан: "біз қателік жіберіп алдық, біз бағына жұмыс істеп келген барлық іргелі принциптер түкке тұрғысыз болып шықты" деген уәжді естімегеніміз өкінішті,- деді Роуэн Уильямс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны