22.10.2016, 18:09 4867

Арыс қаласыныӊ басшысы құрылыс жұмыстарына жұмыссыз азаматтарды көптеп тартуды тапсырды

Нысанды аралау барысында шаһар басшысы жауапты қызметкерлерге тиісті тапсырмалар беріп, мердігер мекеме басшыларына жұмысшыларды "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" бөлімі мемлекеттік мекемесіне тіркелген жергілікті жұмыссыз азаматтардан жасақтауды және құрылыс материалдарын сатып алуда отандық өнімдерге басымдық беруді тапсырды

Шымкент. 22 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласыныӊ басшысы Мұрат Қадырбек қаладағы Отырар мөлтек ауданындағы жол салу, ауыз су құбырлары мен жарық бағандарын тарту жұмыстарыныӊ барысымен танысты, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Мақсат - құрылыс жұмыстарыныӊ сапалы болуына мән беру және тиісті мерзімінде берілуін қадағалау.

Нысанды аралау барысында шаһар басшысы жауапты қызметкерлерге тиісті тапсырмалар беріп, мердігер мекеме басшыларына жұмысшыларды "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" бөлімі мемлекеттік мекемесіне тіркелген жергілікті жұмыссыз азаматтардан жасақтауды және құрылыс материалдарын сатып алуда отандық өнімдерге басымдық беруді тапсырды. Қаланыӊ көркі мен ажары артып, қолданысқа берілген нысандар күн сайын артып, ел игілігіне қызмет етуде.

Биыл Арыс қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы және Арыс қаласыныӊ 60 жылдық мерекесіне орай қаланы көркейту, абаттандыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып, өз кезегінде ондаған нысандар халықтыӊ игілігіне ұсынылуда, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Солардыӊ бірі Арыс қаласыныӊ И.Ақынбеков көшесі және Ил-Фараби көшесі бойынан бой көтерген заман талабына сай сәулетті скверлер болып табылады.

Қаланыӊ ажарын айшықтандырып, сәулетіне сәулет қосып тұрған нысандарда қала халқы серуендеп, жанұялармен демалып, еӊбекте қаланыӊ әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосатын болады.

Ил-Фараби көшесініӊ бойындағы скверге әлемге әйгілі философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі Ибу Насыр Ил-Фараби мүсіні қойылған.

Сондай-ақ, мерейтойларға орай тұрғызылған ұлттық нақыштағы аркаларда қаланыӊ сәулетіне сәулет қосып тұр.

Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай, бұған қоса тоғыз жолдыӊ торабында орналасқан Арыс қаласыныӊ 60 жылдық мерейтойы қарсаӊында жаӊадан бой көтерген 12 гектар алқапты алып жатқан Дендросаябақ құрылысы аяқталды.

Мұндай ірі құрылыс нысанын аудандар арасында Арыс қаласы бірінші болып салып отыр. Аталған заманауи нысан барша Арыстықтардыӊ мақтанышына айналды.

Саябаққа бас қақпа салынып, жасыл желектер отырғызылып, жарықтандыру, суландыру жүйелері қамтылды. Бірнеше жылдан кейін бұл жердіӊ үлкен саябаққа айналатыны сөзсіз.

Қала әкімі аудан орталығындағы аялдамаларды да жаӊғырту бастамасын көтерген болатын.

Нәтижесінде бүгінгі таӊда қала орталығындағы сәулеті келіскен аялдамалар жаӊадан бой көтерді.

Аялдамаларда түнгі мезгілде жарық беріліп тұратын бұл орындарда көпшілік үшін басты оқиғалар бейнеленген көрнекі үгіт құралдары орнатылған.

Ел игілігіне берілетін мұндай нысандар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Елбасы өз Жолдауында Дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаӊарулардыӊ бес бағытын ұсынды. Олар - қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатын оӊтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаӊа инвестициялық саясаттыӊ негіздері және жаӊа әлеуметтік саясат. Осы бес бағытты жүзеге асыру үшін қалалық әкімдік тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Мысалы, Елбасы ұсынған бес бағыттыӊ бірі - елімізге инвестиция тарту мәселесі бойынша біраз жұмыстар жасалды, жақында ғана өткен халықаралық инвестициялық форум барысында шетелдік компаниялар бірқатар меморандумға қол қойды, соныӊ нәтижесінде инвестиция тартылмақ. Жолдауда айтылған инвестициялық саясат бағытына сәйкес, болашақта қаладағы инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында жұмыстар атқарылады. Тағы бір бағыт - жаӊа әлеуметтік саясат. Елбасымыз кедергілерге қарамастан халықты қолдауды жалғастыратынын айтты. Ешбір әлеуметтік көмектер қысқармайды.

"Біздіӊ халқымыз ешқашан бүгінгідей бақуатты тұрмыс кешіп көрген жоқ. Тәуелсіздік алғаннан бері 1300-ден астам денсаулық сақтау нысаны мен 1700-ден астам білім беру ошағын салдық. Олардыӊ барлығын еӊ соӊғы үлгідегі құралдармен жабдықтадық. Аса күрделі операцияларды өз елімізде, өз дәрігерлеріміз жасайтын жағдайға жеттік. Жалпы халықтыӊ тұрмысыныӊ, денсаулығыныӊ түзелуі, саныныӊ өсуініӊ нәтижесінде қазақстандықтардыӊ орташа өмір ұзақтығы 72 жасқа жуықтады.

Мемлекет қандай жағдайда да әлеуметтік міндеттемелерін шашау шығармай орындап келеді. Тарихымызды түгендеп, мәдениетімізді өркендетуге қол жеткіздік. Жаӊа жылдан бюджет қызметкерлерініӊ жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа алғанда 30 процентке дейін көбейеді. Осыныӊ барлығы халықтыӊ болашаққа сеніммен қарап, алаӊсыз өмір сүруіне толық негіз болады",- деді Елбасы өз Жолдауында.

Бұдан бұрын да хабарланғандай, Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігініӊ және Арыс қалалық мәслихатыныӊ келісімдері бойынша Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ өкімімен Мұрат Болатұлы Қадырбек Арыс қаласыныӊ әкімі болып тағайындалды.

М.Б.Қадырбек 1980 жылдыӊ 3 тамызында дүниеге келген. Оӊтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданыныӊ тумасы, білімі жоғары, заӊгер, құқықтану магистрі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясыныӊ түлегі.

Еӊбек жолын 2002 жылы Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданыныӊ прокуратурасыныӊ бөлім прокуроры лауазымында бастаған. 2004-2008 жылдары Қазыбек би ауданы прокурорыныӊ көмекшісі, Шығыс-Қазақстан облысы №2 Тарбағатай аудандық сотыныӊ судьясы лауазымдарын атқарған. 2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде бюджеттік жоспарлау, қаржы-экономикалық қамтамасыз ету және мемлекеттік активтерді басқару, экономика және қаржы департаменттері директорыныӊ орынбасары, Алматы облысы Еӊбекшіқазақ ауданы әкімініӊ орынбасары ретінде еӊбек еткен. 2011-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігініӊ Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаменті директорыныӊ орынбасары, Алматы облысы бойынша департамент басшысыныӊ орынбасары, Солтүстік-Қазақстан және Маӊғыстау облысы бойынша департаменттерініӊ басшысы - тәртіптік кеӊес төрағасы лауазымдарын атқарған.

2016 жылдыӊ қаӊтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Маӊғыстау облысы бойынша департаментініӊ басшысы - әдеп жөніндегі кеӊес төрағасы болып еӊбек етіп келді.

Бұған дейін қала әкімініӊ міндетін атқарып келген Ертай Сейіт Мырзақұлұлы Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ кеӊесшісі қызметіне тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны