06.04.2011, 14:18 4162

Арқалықта полиция қызметкері жанып жатқан үйдің ішінен жас қызды аман алып шыққан

Арқалықта полиция қызметкері жанып жатқан үйдің ішінен жас қызды аман алып шыққан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қостанай. 6 - сәуір. Kazakhstan Today - Арқалықта полиция қызметкері жанып жатқан үйдің ішінен жас қызды аман алып шыққан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 27 наурыз күні көпқабатты тұрғын үйде болған. Өрт шыққан тұрғын үйдің тұрғындардың барлығы толығымен сыртқа шығаралған.

Өрт тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерді толығымен шарпыған. Сол жердегі тұрғындардың бірі полция қызметкеріне бір жас қыз өртеніп жатқан пәтерден 6 және 4-жастағы екі баланы алып шығып, жанып жатқан үйден заттарын алып шығуға қайта кіріп кеткендігін айтады.

Мұны ести салысымен полиция қызметкері өрт сөндірушілерден арқан алып, үшінші қабаттың балконына шығып, балкон арқылы пәтерге кірген.

"Қыз есінен танып қалыпты, өрт сөнідушілердің көмегімен оны далағы алып шыққан. Қазіргі уақытта зардап шегуші ауруханаға жеткізілген. Жағдайы қалыпты", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны