05.06.2008, 16:43 1735

"Арна" операциясы Ауған есірткі тасымалына қарсы тұратын Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының тиімді шарасы -БҰҰ

"Арна" операциясы Ауған есірткі тасымалына қарсы тұратын Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының тиімді шарасы -БҰҰ

Мәскеу. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы жүргізетін "Арна" кешенді шұғыл алдын- алу операциясы Ауғанстанда заңсыз есірткі тасымалына қарсы тұра алатын шаралардың бірі деп танылып отыр. Бұл туралы БҰҰ есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің баяндамасында айтылған, деп хабарлайды агенттік ҰҚШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Құжатта айтылғанындай, ҰҚШҰ мүше мемлекеттері операцияны өткізу кезінде халықаралық құрылымдарды жиі тартады. Олардың қатарында интерпол, Ауғанстанның арнайы қызметтері, Изербайжан, Иран, ҚХР, Латвия, Литва, Монғолия, Пәкістан, Польша, АҚШ, Украина, Финляндия және Эстонияның құзырлы органдарының өкілдері бар.

Баяндамада айтылғанындай, бұл саладағы қызмет органдары арасында пікір және тәжірибе алмасулары белсенді түрде жүргізіледі. ҰҚШҰ хатшылығы жоғары деңгейде бірқатар жұмыс сессияларын өткізіп, онда заңсыз есірткі айналымының мәселесі, ұйымға мүше-мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту сияқты мәселелер талқыланды, деп айтылған құжатта.

ҰҚШҰ хатшылығында атап өткеніндей, есірткіге қарсы жүргізілетін "Арна операциясы 2003 жылы қолға алынды. Оның көрсеткіштері де үнемі өсуде, егер 2003 жылы өткізілген операция кезінде 1975 келі есірткі, психотроптық және қатты әсер ететін заттар тәркіленсе, 2004 жылы оның көлемі 10 мың 702,2 келіге жетті. Ал 2005 жылы 11 мың 251,7 келіні, 2006 жылы 23 мың 993,5 келіні (оның сондай-ақ, 540 тонна прекурсорларды қосу керек(есірткі заттарын шығару үшін пайдаланылатын химиялық заттар) құрады.

"Арна-2007" операциясының қорытындысы бойынша заңсыз айналымнан 27 мың 815,2 келі есірткі және психотроптық заттар тәркіленді, соның ішінде 1 161,6 келі героин, 6 мың келіден аса гашиш болды. Сонымен қатар, 1 361 бірлік оқ қаруы, оншақты мың оқ- дәрі табылды. Осы жолы операция жұмысына Түрікменстан қатысты.

"Арна-2007" операциясы кезінде алғаш рет қаржы барлауының материалдары пайдаланылды. Осы жолы Росфинмониторингтің деректері арқылы есірткі бизнесіне қатысы бар деген күдікті жеке тұлғалар пайдаланылатын халықаралық қаржы аударымдарының схемасы тексерілді. Бұл Ауғанстан төңірегінде қауіпсіз қаржы шеңберін құрудың бірінші қадамы, деп атап өтті ҰҚШҰ хатшылығында

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны