23.07.2018, 23:47 3657

Арнайы мониторингтік топтартеміржол вокзалдарыныӊ қызметіне мониторинг жүргізді

МҚІСЖҚА араласуынан кейін теміржол кассаларындағы билеттердіӊ "мәӊгі" жетіспеушілігі мәселесі жойылуда

Астана. 23 шілде. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 17 шілдесінен бастап Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Арнайы мониторингтік топтары еліміздіӊ әртүрлі өӊірлерінде "жасырын сатып алушы" жобасы аясында теміржол вокзалдарыныӊ қызметіне мониторинг жүргізді.

Теміржол билеттері жаздық демалыстар кезінде қазақстандықтар арасында жоғары сұранымда болады.

Алайда, билеттер сатып алу бойынша онлайн-сервистер және теміржол кассалары еӊ кеӊінен таралған бағыттарға бос орындардыӊ жоқ екендігін көрсетеді.

Сонымен бірге, вокзалдарда кез келген бағыттар бойынша жол жүру құжатынсыз жол жүруді іске асыруды ұсынушы "көмекшілер" - делдалдар жандана түскен.

Қоғамшылдармен өткізілген шаралар билетсіз жол жүрудіӊ бағасы ресми бағаны орташа келгенде 50% асатындығын көрсетті.

Делдалдық қызметтерді поезд жолсеріктері мен анықталмаған тұлғалар ұсынады.

Жүргізілген шаралардан кейін теміржол кассаларында әртүрлі бағыттар бойынша билеттер пайда бола бастады.

Ағымдағы жылғы 23 шілдеде мәселені кешенді шешу үшін МҚІСЖҚА Төрағасыныӊ орынбасары Олжас Бектеновтыӊ төрағалығымен "Жолаушылар тасымалы" АҚ басшылығыныӊ қатысуымен кеӊес өткізілді.

Компания басшылығы мәселелердіӊ бар екендігін мойындап, жұртшылықты аталған жұмысқа тартқандығы үшін Агенттікке алғысын білдірді.

Ұлттық теміржол тасымалдаушымен еліміздіӊ барлық өӊірлерінде жұртшылықпен бірлескен шараларды жүргізуге және жолаушылар тасымалдау саласында делдалдықты болдырмау бойынша кешенді шаралар қабылдауға дайын екендігі білдірілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны