18.07.2016, 15:04 3782

Арнасы қайта толған Қызылкөлде экологиялық сенбілік өтті

Осыны ескерген аудан әкімі М.Исаев сенбілік өткізу туралы бастама көтерді. Шолаққорған, Құмкент ауылдары мен Қызылкөл елді мекеніндегі мекеме қызметкерлері, сонымен қатар, еріктілерден жиналған 200-ге тарта адам көл бойын тазалады. Нәтижесінде, Қызылкөл маӊындағы бірнеше шақырым жағалаудыӊ балдыры тазаланып, 10 ауыр көлік машинасымен көл бойы қоқыстан тазарды.

Астана. 18 шілде. Kazakhstan Today - Кешегі демалыс күндері қайта тола бастаған Қызылкөлде сенбілік өтті. Көпшіліктіӊ есінде болар, оншақты жылдыӊ көлемі болды, Созақ ауданы Құмкент ауылына қарасты Қызылкөлдіӊ суы тартылып, сәні кете бастаған. Биыл жауын шашын мол түсіп, көл суы 80 пайыздан астамға толды. Алайда, қараусыз қалған көл бойын балдыр басып, көпшіліктіӊ суға түсуіне қолайсыздық тудыратын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осыны ескерген аудан әкімі М.Исаев сенбілік өткізу туралы бастама көтерді. Шолаққорған, Құмкент ауылдары мен Қызылкөл елді мекеніндегі мекеме қызметкерлері, сонымен қатар, еріктілерден жиналған 200-ге тарта адам көл бойын тазалады. Нәтижесінде, Қызылкөл маӊындағы бірнеше шақырым жағалаудыӊ балдыры тазаланып, 10 ауыр көлік машинасымен көл бойы қоқыстан тазарды.

Айта кету керек, емдік қасиеті мол Қызылкөл облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарамасына қарайды.

Созақ ауданы әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны