31.07.2007, 13:18 5516

Арнаулы прокуратура Семейдегі тергеу абақтысының №1 корпусының ғимаратына күрделі жөндеуге қарсылық білдіріп, оны бұзу қажеттігін айтуда

СЕМЕЙ. 31 - шілде. Kazakhstan Today. Арнаулы прокуратура Семейдегі тергеу абақтысының №1 корпусының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге қарсылық білдіріп, оны бұзу қажеттігін айтуда. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Семей аймағындағы түзету мекемелеріндегі заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі арнаулы прокурор Айтмағамбет Серғазин мәлім етті.

"Бүгінгі күнде тергеу абақтысының бірінші корпусы апаттық жағдайға байланысты жабық тұр. Бізге, облыстық Қылмыстық атқару жүйесінің басшысы Иділет министрлігіне ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ақша бөлу туралы мәселені қойып отырғандығы белгілі болды",- деп түсіндірді А. Серғазин.

Арнаулы прокурордың пайымдауынша, бұл мәселені шешудің жалғыз жолы - ескі ғимаратты бұзып, оның орнына тергеу абақтысының жаңа заманауи корпусын салу. "Дүниежүзіндегі талаптар аясында жаңа тергеу абақтысы қажет. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына кірмекпіз, алдыңғы қатарлардан көрінгіміз келеді, олай болса әрекеттеріміз де соған лайық болуы керек қой",- деп санайды А. Серғазин. "Өкінішке орай, бұл мәселенің басы ашық күйінде қалып отыр", деп қорытындылады ол.

Естеріңізге сала кетейік, Семейдегі тергеу изоляторының бірінші корпусын пайдалану оның апаттық жағдайына байланысты 2006 жылдың 1-қаңтарында тоқтатылған. Тергеу абақтысының 1773 жылы салынған №1 ғимараты қирай бастаған. Абақтыны жабу туралы шешімді Бас прокуратура кешенді тексерунәтижесінен кейін шағарған болатын. Сол кезе Иділет министрлігі Семейде жаңа тергеу абақтысын салуға қаржы бөлу туралы мәселе қозғаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны