15.10.2008, 17:56 2997

"Арселор Миттал Теміртау" қызметкерлерінің мәжбүрлі демалысының мерзімі ұзартылды - кәсіпорынның кәсіподақ комитеті

"Арселор Миттал Теміртау" қызметкерлерінің мәжбүрлі демалысының мерзімі ұзартылды - кәсіпорынның кәсіподақ комитеті

Қарағанды. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Арселор Миттал Теміртау" қызметкерлерінің мәжбүрлі демалысының мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне кәсіпорынның кәсіподақ комитетінің төрағасы Владимир Дубин хабарлады.

Бүгін кәсіпорын қызметкерлерінің демалыс мерзімін 2008 жылдың 16 қазанынан 31 қазаға дейін ұзарту жөнінде кезекті бұйрыққа қол қойылды, деді В. Дубин. Бірақ оның айтуынша, жұмыс істемей отырғандардың саны 4213-тен 3699 дейін азайтылды.

Сонымен бірге, 400 адам қысқартылған жұмыс аптасына көшірілді: олар 5 күннің орнына 4 күн жұмыс істейді. Осы күн үшін оған орташа жалақының 50% төленеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны