10.07.2009, 13:11 1316

"АрселорМиттал Теміртау" көмір департаментінің басшылығы "Тентек" шахтасындағы апатқа байланысты бірқатар инженерлік-техникалық қызметкерлердің лауазымына лайықтылығын қарастыратын болады

"АрселорМиттал Теміртау" көмір департаментінің басшылығы "Тентек" шахтасындағы апатқа байланысты бірқатар инженерлік-техникалық қызметкерлердің лауазымына лайықтылығын қарастыратын болады

Қарағанды. 10 шілде. "Қазақстан Бүгін" -"АрселорМиттал Теміртау" көмір департаментінің басшылығы "Тентек" шахтасындағы апатқа байланысты бірқатар инженерлік-техникалық қызметкерлердің лауазымына лайықтығын қарастыратын болады. Бұл туралы кеше өткен баспасөз мәслихатында көмір департаментінің директоры Жақан Жұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Үкіметтік комиссия жұмыс берушінің толық кінәлі екенін анықтады, ал көмір департаментінің басшылығы онымен толық келіседі және соған байланысты шахтаның бас инженері, маркшейдерлік қызметі мен болжамдар қызметінің бас инженерлерінің атқарып отырған лауазымдарына лайықтығына қатысты мәселе қаралатын болады", - деді Д. Мұхамеджанов.

"Табиғи, немесе табиғи емес болсын, адамдардың қаза тапқаны түсінікті, ал оған компанияның кінәлі екені рас",- деді Д. Мұхамеджанов.

Сонымен бірге, оның айтуынша, "үкіметтік комиссия нұсқаған шаралардың 20 бөлігін іске асыруға шамамен 11 млн доллар қажет".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны