18.02.2015, 16:52 3908

"АрселорМиттал Теміртау" жұмыскерлерініӊ жалақысы 100 пайызға төленді

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ жұмыскерлерініӊ жалақысы 100 пайыздық көлемде төленді, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімініӊ баспасөз қызметінен

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жұмыскерлерініӊ жалақысы 100 пайыздық көлемде төленді, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімініӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"17 ақпан күні "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жұмыскерлеріне 2015 жылғы қаӊтар айында жалақы бойынша барлық төлемдері 100 пайыздық көлемде өтелді", - делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Естеріӊізге сала кетейік, компания әлемдік нарықта металл бағаларыныӊ төмендеуі және ресейлік рубльдіӊ девальвациясына байланысты қиындықтар туралы ресми мәлімдеме жасаған болатын. Бас директор қаӊтар айында шетелдік мамандардыӊ есептелген жалақыныӊ 50 пайызын, ал жергілікті қызметкерлер 75 пайызын алатыны туралы бұйрыққа қол қойды. Жалақыныӊ қалған бөлігініӊ төленуі қаржы жағдайыныӊ жақсарғанынша кейінге қалдырылды.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ныӊ бұйрығына байланысты мемлекеттік еӊбек инспекторы ҚР еӊбек заӊнамасындағы талаптарды бұзушылықты жою туралы ұйғарым енгізді. Бұдан басқа, компанияға 300 АЕК (594,6 мыӊ теӊге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

9 ақпанда Қарағанды облысыныӊ әкімдігі, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ және кәсіподақтар өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, жұмыскерлердіӊ еӊбек құқықтары мен жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Меморандумға қол қою барысында облыс әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков 17 ақпанға дейін қаӊтар айындағы жалақыныӊ толық төленетіні бойынша қол жеткізілген келісушілік туралы хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны