31.08.2020, 12:49 20665

Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіби даярлыққа іріктеу жариялады

Бас прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Экономикалық тергеу қызметі) құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіби даярлыққа іріктеу жариялады

Алматы. 31 тамыз. Kazakhstan Today - Бас прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Экономикалық тергеу қызметі) құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіби даярлыққа іріктеу жариялады.

Тиісті ақпарат Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ресми интернет-ресурсында жарияланды.

Кадрларды іріктеу мен даярлаудың жетілдірілген тәртібі биылғы жылы өзінің заңнамалық бекітілуіне ие болды.

Жаңа ережелерге сәйкес құқық қорғау органдарында (ішкі істер министрлігін қоспағанда) жұмыс істегісі келетін барлық жас мамандар құқық қорғау органдары академиясында тереңдетілген практикаға бағытталған оқытудан өтетін болады.

Іріктеу өткізу, оқудан өту тәртібі мен шарттары, үміткерлерге қойылатын талаптар туралы толық ақпаратты Академияның сайтынан алуға болады: https://academy-gp.kz/?p=9707&lang=kz.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны