21.03.2020, 22:50 3503

Асқар Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Биыл біз әрбір азаматтың денсаулығын сақтау мақсатында Наурызды халық көп жиналатын мерекелік жиындарсыз, отбасымыздың ортасында атап өтіп жатырмыз. Біз барлық қиындықты оңай еңсеріп, келер жылы әз-Наурызды ынтымағы жарасқан көпұлттық халық болып бірге қарсы алатынымызға сенемін.

Алматы. 21 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтады.

"Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді шуақты көктемнің бастауы, тіршіліктің қайта жанданып, жаңаруын, жылулық пен сенімді, жарқын болашақты бейнелейтін сүйікті мерекеміз - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл біз әрбір азаматтың денсаулығын сақтау мақсатында Наурызды халық көп жиналатын мерекелік жиындарсыз, отбасымыздың ортасында атап өтіп жатырмыз. Біз барлық қиындықты оңай еңсеріп, келер жылы әз-Наурызды ынтымағы жарасқан көпұлттық халық болып бірге қарсы алатынымызға сенемін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!".

-

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны