07.02.2017, 18:55 7686

Асанәлі Ишімов "Қазақфильм" киностудиясы жобасында басты рөлді сомдайды

Фильмге өз ортасынан безіп, далаға барып тұруды көздеген қарт кісініӊ өмірі арқау болған. Ийтсе де данагөй, пәлсапашыныӊ жолында балалар үйінен қашып шыққан Бөбек деген кішкентай, елгезек бала кезігіп, оныӊ бастапқы жоспарын бұзып кетеді.

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan Today - Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында ҚР мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша "Беткейдегі бұталар көлеӊкесінде" (шартты атауы) атты жаӊа толықметражды көркем фильмініӊ өндірісі басталды,- деп хабарлайды киностудия.

Фильмніӊ режиссері ? "Сіз кімсіз, Ка мырза?" (2010 ж.) фильмімен танымал Қуат Ахметов. Фильмде басты рөлді биыл мамыр айында 80 жасқа келетін КСРО және Қазақстан Халық артисі Асанәлі Ишімов сомдайды.

- Идея авторы Асанәлі Ишімов. Ол 2014 жылы маған елден шалғай тұратын жалғыз басты қарт туралы фильм түсіруді ұсынды. Асанәлі ағаныӊ ойы бойынша қария - дала философы, түрлі ғылымға қызығатын адам, - деді фильмніӊ режиссері Қуат Ахметов.

Қазіргі таӊда картина дайындық кезеӊінде: актерлер таӊдау, реквизиттер дайындау және декорация тұрғызу жұмыстары жүріп жатыр. Түсірілім жұмыстары үстіміздегі жылдыӊ мамыр-маусым айларына жоспарланған. Сценарийін Хуат Ахметов пен ресейлік кинодраматург Одельша Агишев түркі халықтарыныӊ аӊыз-әӊгімелері негізінде жазған. Осы орайда Асанәлі Ишімов жобаға қатысты өз ойын айтты:

- Бұл жобаны іске асыру туралы ұсыныс айтқалы бері түрлі жанрдағы талай сценарий жазылды. Алайда ол сценарийлерде меніӊ көрермендерге айтар ойым дұрыс жеткізілмеген болатын. Сондықтан да Қуат екеуміз драматургты көп іздедік. Ақыры драматург табылып, бұл мәселе оӊ шешімін тапты. Қазір түсірілім жұмыстарын асыға күтіп отырмыз.

Фильм жайлы: Ағатай есімді қарттыӊ ешкімі жоқ. Сүйген жары қайтыс болған. Араларында балалары болмаған. Ағайын-туысқандары да қалмаған. Фильмге өз ортасынан безіп, далаға барып тұруды көздеген қарт кісініӊ өмірі арқау болған. Ийтсе де данагөй, пәлсапашыныӊ жолында балалар үйінен қашып шыққан Бөбек деген кішкентай, елгезек бала кезігіп, оныӊ бастапқы жоспарын бұзып кетеді.

Анықтама:

Ишімов Асанәлі, кинорежиссер, актер. КСРО халық артисі (1980). Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығыныӊ лауреаты (1972). КСРО Мемлекеттік сыйлығыныӊ лауреаты (1974). КСРО кинематографистер одағыныӊ мүшесі (1961). Профессор. Алматыда өтетін "Шәкен Жұлдыздары" кинофестивалініӊ президенті. 1937 жылы 9 мамырда Жамбыл облысы Сарыүйсін ауданы Байқадам ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваторияныӊ актер факультетін тәмамдаған. 1961 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық консерваториясыныӊ театр факультетін актер мамандығы бойынша бітіріп шығып, "Қазақфильм" киностудиясына актерлік штатқа қабылданды. Консерватория қабырғасында оқып жүріп "Ботагөз", "Асау Ертіс жағасында" фильмдеріне түскен.

ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ. Көркем фильмдерді түсірген: "Айдаһар жылы" (КФ, 1981), "Шоқан Уәлиханов" (КФ, 1984), "Жусан" (КФ, 1986), "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" ("Елімай" киностудиясы 1992), "Тұзды көл жағасындағы үй" (КФ, 2004).

Төмендегі фильмдерде түскен: "Ботагөз" (АК, 1957), "Асау Ертіс жағасында" (АК, 1959), "Бір ауданда" (КФ, 1960), "Ин шақырады" (КФ, 1961), "Ұлым меніӊ" (КФ, 1962), "Қиылыста" (КФ, 1963), "Тұлпардыӊ ізі" (КФ, 1964), "Ин қанатында" (КФ, 1966), "Қилы кезеӊ"" (КФ, 1966), "Атаманныӊ ақыры" (КФ, 1970), "Қыз-Жібек" (КФ, 1970), "Сарқырама" ("Кырғызфильм", 1973), "Таӊдау" (КФ, 1975), "Трансібір экспресі" (КФ, 1977), "Алатаудыӊ ай мүйізі" (КФ, 1979), "Нан дәмі" (КФ - "Мосфильм", 1979), "Қуғыншы" (КФ, 1980), "Шоқан Уәлиханов" (КФ, 1984), "Дәмір қосу Дина" (КФ, 1985, қ.м.), "Түрксіб" (КФ, 1987), "Манчжур варианты" ( КФ, 1989), "Қазақи окиға" (КФ, 2001), "Сіз кімсіз, Ка мырза?" және т.б.

Ахметов Қуат, кинорежиссер, кинодраматург. Ресей кинематографистері одағыныӊ мүшесі. Ресейдіӊ кинорежиссерлер гильдиясыныӊ мүшесі. 1956 жылы 13 қарашада Латвия КСР-де дүниеге келген. Ресей кинематографистер комитетініӊ сценаристер мен режиссерлар дайындайтын жоғары курсыныӊ көркем фильмдердіӊ қоюшы режиссерлері бөлімін бітірген (Геннадий Полокидіӊ шеберханасы).

ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ. Көркем фильмдерді түсірген: "ГАП" (1992, к.м., көркем ф.; режиссер және сценарий авторы, "Өзбекфильм"), "Жалаӊаш тұлға" (2002, Ресей, 2 сериялы телевизиялық көркем фильм; режиссер және сценарий авторы, О.Агишевпен бірлесіп), "Жолжүгі жоқ жолаушы" (2003, Ресей, төрт сериялы телевизиялық көркем фильм), "Застава" (2006, Ресей), "Тор" (2007, Ресей), "Жел адам" (2007, Ресей), "Сіз кімсіз, Ка мырза?" (КФ, 2009). Төмендегі фильмдердіӊ сценарий авторы: "Періштелердіӊ қағаз қанаттары" (2003, Ресей, В. Левановпен бірге жазған), "Құрбандық мерекесі" (2004), "Дала экспресі" / "Путевой обходчик" (КФ, 2005, сценарий авторларыныӊ бірі).

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны