17.07.2018, 20:18 5470

"Ашық Алматы": әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты сауалдарға жауап береді

Бұдан былай әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жайлы алматылықтарды мазалаған сан сауалға қалалық әкімдіктіӊ Қоғамдық қабылдау бөлімі мамандары жауап береді

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan Today - Бұдан былай әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жайлы алматылықтарды мазалаған сан сауалға қалалық әкімдіктіӊ Қоғамдық қабылдау бөлімі мамандары жауап береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Алматы телеарнасына" сілтеме жасап.

Мамандар "Ашық Алматы" мекемесінде әр бейсенбі сайын қабылдайды.

"Бізге келген азаматтардыӊ көбі медициналық сақтандыру бойынша төленетін жарнаныӊ көлемі, аударылған қаражаттыӊ қайда сақталатыны, оны қайтарып алуға болатыны туралы сауалдармен жүгінеді. Бұдан бөлек, біздіӊ ұйым емханаларға тіркелу мәселесін, тегін медициналық көмектіӊ кепілдендірілген көлемі аясында жұмыс істейтін мекемелер бойынша тұрғындарға кеӊес береміз", - деді "Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы қаласы бойынша бөлімшесініӊ бөлім жетекшісі Ийгерім Сүйінбаева.

Қазір жұмыс берушілер ғана жаӊа жүйеге айлық табысыныӊ 1 жарым пайызын жарна ретінде төлеп отыр. Өткен жылдыӊ 1-ші шілдесінен бері Алматы қаласы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне 17 миллиард теӊгеден астам жарна түскен. Бұл республика бойынша қорға құйылған жалпы қаржыныӊ 20 пайызы. Ал 2020-шы жылдан бастап барлық топтағы азаматтар айлық табыстарыныӊ белгілі бір мөлшерін жарна ретінде құйып отырулары шарт.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны