30.06.2015, 16:38 8096

Ашық аспан астындағы "Аида"

Астана күніне орай Мәдениет және спорт министрлігі ерекше жоба - Бейбітшілік және Келісім сарайы алдындағы ашық алаӊда Дж. Вердидіӊ "Аида" операсын қояды. және көптеген басқа тосынсыйларымен 1 шілдеде ұсынылады.

Алматы. 30 Маусым. Kazakhstan Today - Астана күніне орай Мәдениет және спорт министрлігі ерекше жоба - Бейбітшілік және Келісім сарайы алдындағы ашық алаӊда Дж. Вердидіӊ "Аида" операсын қояды. және көптеген басқа тосынсыйларымен 1 шілдеде ұсынылады. Мұндай қойылым Қазақстанда сирек кездеседі, сол себепті ұйымдастырушылар ғажайып декорациялар, шоу әсері және отшашуымен безендірілген қойылым елордалықтар мен қала қонақтары үшін нағыз сый болатындығына сенімді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

- Ашық аспан астында спектакль қою - театрда ерекше жанр. Онда көптеген факторлар - театрлық алаӊныӊ ауқымдылығы, өзгеше отырғызу және орасан зор көрермен аудиториясы, әртістер саныныӊ әдеттегіден айтарлықтай көп болуы, арнайы жарық және бейнеқұралдары, және еӊ басты ерекшелік:бұл Астана күніне арналған спектакль-мереке! - деп баяндайды ерекше оқиғаныӊ ұйымдастырушылары.

Көрермен мерекелік көӊіл-күйді шынайы декорация болатын Пирамидаға жақындаған кезден-ақ сезетініне режиссер уәде берді,ақ ат ерттеген шабандоздар етегінде оқиға өрбіп жатқан мысырлық сәулетті одан бетер аша түседі. Франко Дзеффиреллидіӊ тамаша декорациялары Ресей Халық суретшісі Вячеслав Окуневтіӊ ұланғайыр бейнеинсталляциясын толықтыра түссе,көрініс соӊы Радаместіӊ салтанат құратын сәтінде мерекеге орай берілетін отшашумен аяқталады.

Аталған спектакльде Радамес партиясын орындау үшін Болгариялық тенор Камен Чанев арнайы шақыртылды, бас рольде - тыӊдарманныӊ сүйіктісі - "Астана Опера" театрыныӊ жетекші солисі Жұпар Ғабдуллина. ҚР Еӊбек сіӊірген қайраткері Дина Хамзина Амнерис партиясын дайындаса, Амонасро - ҚР Еӊбек сіӊірген қайраткері Талғат Мұсабаев, Арменияныӊ Халық әртісі Барсег Туманян - аға абыз Рамфис. Спектакльге шамамен 300 адам: солисттер, хор, балет, миманс әртістеріқатысады. Бұл кеште дирижерлық тізгін ҚР Еӊбек сіӊірген қайраткері маэстро Абзал Мұхитдиновта болады.

Жобаны Ресейдіӊ Халық әртісі Юрий Александров жүзеге асырады. Ол "Аиданы" бірінші рет қойып тұрған жоқ және Қазақстанмен ол ерекше байланыста. Оныӊ есімі Күләш Бәйсейітова ат. театрыныӊ және "Астана Опера" театрыныӊ ашылуымен тығыз байланысты. Қоюшы режиссер Қазақстанда бірқатар тамаша опералық спектакльді жарыққа шығарған. Біздегі оныӊ соӊғы жұмыстарыныӊ бірі ретінде, елордалық театрдыӊ визиткасына айналған қазақ операсыныӊ маржаны - Мұқан Төлебаевтіӊ "Біржан-Сара" операсын атап өтуге болады.

Шетелдіктердіӊ ішінде Юрий Александров Қазақстанныӊ Мемлекеттік сыйлығын иеленген және "Достық" марапатына лайық деп танылған алғашқы адам, мұнымен қатар ол ҚР Еӊбек сіӊірген қайраткері. Қоюшы опера өнерініӊ жаӊашылы деген атаққа ие. Шет елде көп жұмыс жасап, Ла Скалада, Арена ди Веронада, Метрополитен-операдажәне өзге танымал театрларда спектакльдер қойған. Жаӊа қазақстандық жоба жайлы режиссершағын пікірінде бөлісті.

Қойылым соншалықты көрініске толы әрі ауқымды болғанымен, Джузеппе Вердидіӊ ұлы музыкасы оныӊ негізгі түйіні болып қалады. Исем саздыӊ сарынында алып та, көркем көріністер, салтанатты шеру, билер мен әнұран аясында шиеленіскен қайшылықтарға толы жеке бас драмасы өрбиді. Қатыгез абыздар бейнесі арқылы Дж.Верди діни қызметкерлердіӊ зұлматын қаншалықты жек көретінін масқаралайды, өз кезегінде осы зұлматқа Аида мен Радаместіӊ жан сұлулығы һәм өнегелі қажырлығы қарсы тұрады, олардыӊ махаббаты барлық сынға төтеп беріп, өлім алдында да тізе бүкпейді. Аталған опера адам баласыныӊ асқақ сезімініӊ әнұранындай шырқалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны