05.10.2018, 17:27 7001

Исия Байғожинаныӊ фильмі Минскіде өткен фестивальде жеӊімпаз атанды

Режиссер Исия Байғожина түсірген "Сенім жолында" деректі фильмі Минск қаласында өткен "Еуразия.DOC" атты ТМД елдерініӊ деректі кинолары фестивалінде жеӊімпаз атанды.

Алматы. 5 қазан. Kazakhstan Today - Режиссер Исия Байғожина түсірген "Сенім жолында" деректі фильмі Минск қаласында өткен "Еуразия.DOC" атты ТМД елдерініӊ деректі кинолары фестивалінде жеӊімпаз атанды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Сенім жолында" деректі фильмі қоғамымыздағы өзекті мәселелердіӊ бірі - дін жолындағы адасушылық туралы баяндайды. Негізгі эпизод - дүйім елді дүрліктірген, бірнеше адамдардыӊ өмірін қиып, 40-қа жуық жергілікті тұрғындарды жаралаған қанды оқиға - 2016 жылы маусымныӊ 5-інде болған Ақтөбедегі теракт.

- Фестивальдіӊ қазылар алқасы үш фильмді үздік деп атады, оныӊ ішінде біздіӊ де фильміміз бар. Фестивальдіӊ бас жүлдесі ресейлік "Форсаж" фильміне бұйырды. "Сенім жолында" фильмін көрермен жақсы қабылдады. Тіпті, кейбіреулері осындай жағдайлардыӊ (діни экстремизм мен терроризм) Қазақстан жерінде орын алғаны туралы естіп таӊ қалды. Фильм екі жыл бұрын жарық көрді. Алайда бүгінгі күні осы фильмге қызығушылық көп болып жатыр. Фестивальдіӊ ұйымдастырушылары фильмніӊ үзінділерін ғаламторда көріп, мені тапқан. Сол үшін де, ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Және де Минскіге бірінші рет келіп отырмын, бұл да мен үшін қуаныш. Айта кетсем, фестивальге сценарийдіӊ теӊ авторы Мереке Қасенова да шақырылған болатын, - деді режиссер Исия Байғожина.

"Еуразия.DOC" атты ТМД елдерініӊ деректі кино фестивалі осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Биыл фестивальге қатысуға 23 елден 150 фильмдер үміт білдірген. Оныӊ ішінен негізгі байқауға 12 елдіӊ 24 деректі фильмі іріктелінді.

Фестивальдіӊ басты мақсаты - Достастық елдерініӊ талантты документалист-реджиссерлерін қолдау, телевизиялық фильмдерді және кинопублицистиканы жарыққа шығарып жүрген жас киногерлердіӊ есімін ашу, шығармашылық байланыстарды нығайту болып табылады.

"Сенім жолында"

Режиссері: Исия Байғожина

Сценарий авторлары: Исия Байғожина, Мереке Қасен

Операторлар: Ренат Қосай, Нұрсәт Икімхан

Кеӊесші: Асқар Сабдин

Дыбыс режиссері: Бейбіт Исаметов

Композиторлары: Алиби Мәмбетов, Төлеген Момбеков, Таласбек Исемкулов және т.б.

Бейнеинженер: Николай Пономарев

Компьютерлік графика: Андрей Кисилев

Икімші: Любовь Радионова

Директоры: Нұргүл Нұржігітова

Режиссер туралы:

Байғожина Исия - кинодраматург, кинорежиссер, Қазақстан кинематографистер одағыныӊ мүшесі. 1987 жылы КСРО Мемлекеттік кино жанындағы сценаристер мен режиссерлер дайындайтын жоғары курсын бітірген. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында редактор, кейін деректі фильмдер бірлестігініӊ бас редакторы болып жұмыс істеді. 1990-1996 жылдар аралығында "Параллель" тәуелсіз студиясыныӊ көркемдік жетекшісі болды. 1991 жылы Исия Байғожина өзініӊ алғашқы режиссерлік жұмысы - Егемендіктіӊ алғашқы сеӊін қозғаған Желтоқсан оқиғасына

арналған "Жарияланбаған шерудіӊ хроникасы" атты деректі фильмі жарық көреді. Бұл туынды Қазақстан Республикасы Жастар және журналистер одақатрыныӊ арнайы жүлдесімен марапатталады.

ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ. Деректі фильмдер: "Жарияланбаған шерудіӊ хроникасы" (Н.Чанковамен бірлесе түсірген, КФ, 1991), "Қызыл империя" (деректі сериал, "Гранит" Би-Би-Си" студиясы, 1991), "Дінмұхамед Қонаев - өмір жолы" (КФ, 1995), "Жарыққа құмар" (Г.Алдонгаровамен бірлесіп түсірген, ҚР Президенті ТРК, 1998), "Бақыт формуласы" ("М'арт", 2007), "Елім-ай. Репатрианттар хроникасы" ("Қазақфильм", 2007), "Валибайды еске алу" (2008).

Деректі фильмдерді сценарий авторы: "Су - өмір нәрі" (КФ, 1986), "Ауылдыӊ көріністері" (КФ, 1988), "Қорық" (КФ, 1989), "Шпион" (КФ, 1989) және басқалары.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны