30.10.2018, 15:05 6138

"Асыл мұра" фотоконкурсыныӊ жеӊімпаздары анықталды

Фотожұмыстардыӊ көбісі Қазақстанныӊ Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Тараз, Көкшетау, Павлодар, Маӊғыстау, Орал, Шымкент, Арқалық, Қызылорда, Ақтау сияқты қалаларынан, сондай-ақ Ақмола облысынан келіп түсті.

Астана. 30 қазан. Kazakhstan Today -ҚР Тұӊғыш Президенті Қоры ұйымдастырған "Асыл мұра" фотоконкурсыныӊ қорытындысы шығарылды.

Конкурс Қазақстанныӊ жаӊа көркем бейнелерін қалыптастыруды, патриотизмді нығайтуға ықпал етуді, халқымыздыӊ дәстүрлерін насихаттауды көздейді.

Конкурс түрлі кәсіп иелерініӊ арасында қызығушылық туғызып, оған 18-35 жас аралығындағы журналистер, жұмысшы мамандар, мемлекеттік қызметшілер, студенттер, кәсіби және кәсіби емес фотографтар қатысты.

Фотожұмыстардыӊ көбісі Қазақстанныӊ Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Тараз, Көкшетау, Павлодар, Маӊғыстау, Орал, Шымкент, Арқалық, Қызылорда, Ақтау сияқты қалаларынан, сондай-ақ Ақмола облысынан келіп түсті.

Фотоконкурс жеӊімпаздарына марапаттау барысында ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы Қорыныӊ атқарушы директорыҚанат Жұмабаев: ""Асыл мұра" конкурсын өткізу барысында шығармашыл жастардыӊ тарапынан үлкен қызығушылықты көрдік. Иділ қазылар алқасыныӊ қарауына 180-нен аса жұмыс келіп түсті. Тапсырылған фотожұмыстар халқымыздыӊ ұлттық құндылықтары мен мұраттары,салт-дәстүрі, Астананыӊ сұлулығын айқын бейнелейді.Сонымен қатар конкурсқа қатысушылар өз жұмыстарында қазақстандықтардыӊ күнделікті өмірін шығармашылықпен көрсете білген",-деп атап өтті.

Конкурстыӊ жеӊімпаздары болып:

- Ерлан Омаров - "Астананыӊ 20 жылдығы" номинациясы;

- Алексей Попцов, Сайфуллин Фарид - "Күнделікті өмірдегі оқиға";

- Бақыт Сәтбек - "Тұлғалар";

- Максим Стадниченко - "Қазақстан халқыныӊ мәдениеті мен салт-дәстүрлері" номинациясы бойынша таӊдалды.

Жеӊімпаздар "Асыл мұра" конкурсыныӊ лауреаттары деп танылып, ақшалай сыйлықтарға ие болды. Қор жастарға арналған басқа да көптеген жобаларды жүзеге асыруда.Олардыӊ қатарында жас ақындар мен жазушылардыӊ "Алтын тобылғы" конкурсы, журналистер конкурсы, жас ғалымдардыӊ үздік Кеӊесі сияқты конкурстар бар. Бұл конкурстардыӊ нәтижелері ағымдағы жылдыӊ желтоқсан айында шығарылады.

Сонымен қатар, Қор шығармашылық жобаларды қолдау үшін грант конкурсын, ғылым мен өнер саласындағы сыйақы конкурсын және тағы да басқа іс-шараларды өткізеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны