08.05.2018, 21:21 3839

Искерге шақыру бойынша ОҚО көш бастап тұр

Оӊтүстік Қазақстан облысында 2018 жылғы көктемгі мерзімде 2 мыӊға жуық азамат әскерге аттанады.

Шымкент. 8 мамыр. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында 2018 жылғы көктемгі мерзімде 2 мыӊға жуық азамат әскерге аттанады. Бұл еліміздіӊ басқа өӊірлерімен салыстырғанда 2 немесе 3 есеге дейін артық. Бұл туралы бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментініӊ бастығы, полковник Т.Иліқұлов мәлімдеді.

Департамент басшысы әскерге баруға ұмтылатын жастардыӊ қатары артып келе жатқанын айтады.

"Искерге сұранып тұрған жастардыӊ қатары өте көп, бізді осы жағы қатты қуантады. Жалпы әскерге шақырту алған азаматтарды түрлі саладағы әскери бөлімдерге топтастырып жіберіп отырамыз. Мәселен, қазірдіӊ өзінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметіне 500-ге жуық, Мемлекеттік Күзет қызметіне 26 азамат жөнелтілді. Жалпы Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштеріне 700-ге жуық, Ұлттық Ұланға 1000-ға тарта әскерге шақырылушы жөнелтіледі", - деді Талғат Шымкентбайұлы.

Аудандық, қалалық медициналық комиссиялар дәрігер-мамандармен 100 пайыз жасақталған. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментініӊ медициналық бақылау комиссиялары 144 дәрігер-маманмен қамтылған. Жалпы өӊірде қалалық, аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарма, бөлімдерінде 15 медициналық комиссиясы жұмыс істейді.

Айта кетейік, облыстық жинақтау бекеті ғимаратында әскерге шақырылушырға арналған 60 кереуеттік 10 бөлме, әскери бөлімдердіӊ өкілдерін орналастыруға арналған 10 кереуеттік 2 бөлме бар. Сондай-ақ, әскерге шақырылушыларға арналған үш мезгіл тамақтану, шаш алу, жуыну бөлмелері ұйымдастырылған.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны