03.03.2015, 10:39 3602

Искери байланысшылардыӊ командирлік даярлық бойынша жиыны болып өтті

44793 әскери бөлімініӊ базасында Семей гарнизоны құрамалары мен бөлімдері байланыс роталары командирлерініӊ командирлік даярлық бойынша жиыны өтті

Семей. 3 наурыз. Kazakhstan Today - 44793 әскери бөлімініӊ базасында Семей гарнизоны құрамалары мен бөлімдері байланыс роталары командирлерініӊ командирлік даярлық бойынша жиыны өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл жиынға 44793, 36803, 28738 және 35411 әскери бөлімдерінен 12 байланыс маманы қатысты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жиынныӊ басты мақсаты - командирлердіӊ әдістемелік және тәжірибелік дағдыларын жетілдіру, жеке құраммен тәрбие және идеологиялық жұмыстар жүргізуге үйрету, сондай-ақ кәсіби даярлық пен іс-жүзіндегі дағдыларды жетілдіру.

Жиында арнайы және тактикалық даярлық, барлау даярлығы, моральдық-психологиялық қамтамасыз ету, инженерлік даярлық, РХБҚ, әскери топография және басқа да пәндер бойынша сабақтар өткізілді.

Өткізілген жиындардыӊ ерекшелігі кәсіби даярлықты, тәжірибелік дағдыларды жетілдіру және оны іс жүзінде қолдану мүмкіндігі болып табылады.

Естеріӊізге сала кетсек, үстіміздегі жылы осы әскери бөлімніӊ базасында "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығы байланыс мамандарымен курстық даярлық өткен болатын. Сабақтарға 80-ге жуық әскери қызметші тартылды, олар топтық және көрнекілік оқу-жаттықтыруларға қатысты. Байланысшылар далалық байланыс торабын өрістетіп, командалық-штабтық машинаныӊ жаӊғыртылған жабдығын көрсетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны