10.02.2015, 20:03 4522

Искери қызметші жарылыс кезінде қаза тапты

Бүгін Астанада Достық көшесініӊ бойында "Шевроле" маркалы автокөлігінде жарылыс орын алды. Автокөлікте ҚР Қорғаныс министрлігініӊ әскери бөлімініӊ әскери қызметші 1975 жылы туған подполковник Сыздықов Арман Қайдарұлы болған

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада Достық көшесініӊ бойында "Шевроле" маркалы автокөлігінде жарылыс орын алды. Автокөлікте ҚР Қорғаныс министрлігініӊ әскери бөлімініӊ әскери қызметші 1975 жылы туған подполковник Сыздықов Арман Қайдарұлы болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Бұдан өзге жарылыстан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Оқиғаны зерттеу мақсатында арнайы жедел-іздестіру тобы құрылды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті іздестіру шаралары жүргізілуде.

Оқиға орнында А. Сыздықовтыӊ жазып қалдырған хаты табылды. Қандай да бір терактыӊ болуы жоққа шығарылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны