18.11.2015, 13:48 4157

Искери қызметшілер мемлекеттік тілден емтихан тапсыруда

ҚР Қарулы Күштерінде 15 мыӊнан аса әскери қызметші мемлекеттік тілді оқып-үйренуде. 2014 жылы оны 16 056 адам оқып-үйренді. Жыл сайын саны өзгеріп тұратынын айта кетейік. Себебі, әскери қызметшілер бір деӊгейден басқа деӊгейге көшіп отырады, ал тереӊдетілген курстан өткендер оқып-үйренуді аяқтайды

Астана. 17 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Қарулы Күштерінде 15 мыӊнан аса әскери қызметші мемлекеттік тілді оқып-үйренуде. 2014 жылы оны 16 056 адам оқып-үйренді. Жыл сайын саны өзгеріп тұратынын айта кетейік. Себебі, әскери қызметшілер бір деӊгейден басқа деӊгейге көшіп отырады, ал тереӊдетілген курстан өткендер оқып-үйренуді аяқтайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Дайындық үш деӊгей бойынша өткізіледі. Бастауыш, жалғастырушы және тереӊдетілген. 2015 оқу жылыныӊ қорытындысы бойынша ҚР Қорғаныс министрлігініӊ Орталық аппараты мен ҚР ҚК Бас штабы бөлімшелерініӊ 139 әскери қызметшісі мен азаматтық персоналы 2015 жылы қазақ тілін оқып-үйренді. Оныӊ 125-і емтихан тапсырды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Қазақ тілін үйрену әскери қызметші үшін және Қазақстанныӊ кез келген азаматы үшін өте маӊызды. Біз күн сайын қазақ тілінде қызметтік құжаттар әзірлейміз, мемлекеттік органдармен хат жазысамыз. Бұл кәсіби дағдымызды арттыру үшін жақсы мүмкіндік", - деді ҚР Қорғаныс министрлігініӊ әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Есения Маркштедер.

Мемлекеттік тілді оқыту офицерлер мен қызметкерлерді ғана емес, сонымен бірге ҚР Қарулы Күштерініӊ басшылық және командалық құрамын қамтиды. Осы жылы жоғары офицерлік құрамныӊ 337 өкілі мемлекеттік тілден сынақ тапсырды. Оныӊ қорытындысы бойынша емтихан тапсырғандардыӊ 82%-ы өз білімдерін растады.

Мемлекеттік тілді дамыту, ҚР ҚК әскери қызметшілері арасында қазақстандық патриотизмді нығайту тәрбие-идеологиялық жұмыста маӊызды элемент болып табылатынын айта кетейік. Сонымен, жыл сайын Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілер арасында мемлекеттік тілді білу бойынша "Тіл - татулық тірегі" онкүндігін, "Тіл шебері" фестивалін өткізіп тұрады. ҚР Қорғаныс министрлігініӊ командасы әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнайы органдардыӊ қызметкерлері арасында өткен "Тіл - тұтастық кепілі" атты республикалық байқаудыӊ бас жүлдесін жеӊіп алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны