27.07.2015, 18:36 3485

Искери қызметшілер су тасқыны салдарынан 200-ге жуық аула мен шақырым жолды тазартты

Алматы гарнизоны әскери қызметшілерініӊ күшімен тұрғын үйлердіӊ 200-ге жуық ауласы, 1000-нан астам метр жол сел тасқыны салдарынан тазартылды

Астана. 27 Шілде. Kazakhstan Today - Алматы гарнизоны әскери қызметшілерініӊ күшімен тұрғын үйлердіӊ 200-ге жуық ауласы, 1000-нан астам метр жол сел тасқыны салдарынан тазартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Кеше сел салдарынан тастардыӊ астында қалған Алматы көшесі толық тазартылды. Енді техника амен адамдар көшеде емін-еркін жүре алады, жол түгелдей жабылды", - деді ҚР ҚК ҚИ Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысыныӊ қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Еркін Алашбеков. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қазіргі уақытта Қарғалы кентінде Алматы өӊірлік гарнизоныныӊ 400-ден астам әскери қызметшісі жүр. Олардыӊ жарты бөлігі жергілікті мектептіӊ жертөлесінен суды ағызу және ғимаратқа іргелес орналасқан аумақты тазарту бойынша еӊбектенуде, қалғандары әлі күнге дейін су басып қалған аулалар мен жолдарды тазартуды жалғастыруда.

"Лай көшкіні үйіміздіӊ ауласын басып кетті, біз шығып та үлгермедік. Қазіргі кезде тастар мен балшықтыӊ үйіндісінен еш нәрсе қалған жоқ. Орасан жұмыс атқарылды, өте көп күш жұмсалды. Бізге қол ұшын созуға келген адамдарға шексіз алғысымызды білдіреміз", дейді кент тұрғыны Динара Ысқақова.

Қарғалы өзенінде су деӊгейініӊ жоғарлауына байланысты Қарғалы және Таусамалы шағын аудандарыныӊ ішінара су басуы орын алғанын еске сала кетейік. Нәтижесінде Алматы қаласыныӊ Иуезов, Наурызбай және Алатау аудандарындағы тұрғын үйлер зардап шекті. Бүгінгі таӊда Алматыда төтенше жағдай режімі сақталуда. Осыған байланысты, Қазақстан Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері төтенже жағдай ауданында жұмыс атқаруды жалғастыруда.

Искери қызметшілердіӊ жұмысын үйлестіру, міндеттерді және жұмыс учаскелерін бөлу мақсатында жедел штаб құрылғанын атап өткен жөн. Ол ағымдағы апта бойы қызмет атқаратын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны