27.04.2007, 13:36 3361

Астан уланып ауруханаға жатқызылған балалар оңалып келеді - Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті


ҚЫЗЫЛОРДА. 27 - сәуір. Kazakhstan Today. Астан уланып ауруханаға жатқызылған балалар оңалып келеді, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қызылорда облысының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті.

"Бүгін жансақтау бөлімшесіндегі төрт бала бөлімшеге ауыстырылды",- деп хабарлады департаменттегілер. "Емделіп жатқан балалардың 70 пайызға жуығы бактериологиялық анализдің нәтижесі алынғаннан кейін ауруханадан шығарылады",- деп қосты олар.

СЭС зертханасы анализ нәтижелерін бүгін беруге уәде беруде.

Қызылордаға республикалық ғылыми-зерттеу орталықтарынан үш профессор практикалық көмек көрсетуге келді.

Індетке қарсы арнайы комиссияның қорытындысы бойынша балалардың жаппай улануы "Ақнұр" ЖШС дайындаған сүт өнімдерін ішкеннен кейін болған. "Ақнұр" ЖШС үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тәрбиеленушілер уланған балалар мекемесіне медициналық пост қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен түнде Қызылорданың ауруханаларына мектеп-интернаттар мен емдеу орындарынан астан уланған 168 бала жеткізілген. балалардың жаппай улану дерегіне қатысты Қызылорда облысының прокуратурасы қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны