20.04.2018, 22:58 5322

"Астана - адалдық алаӊы" жобасыныӊ екі ай ішінде атқарылған жұмыстары қорытындыланды

"Астана - адалдық алаӊы" жобасыныӊ жетекшісі Жазира Жылқышиева әлеуметтік нысандарда қолайлы жағдай жасау және халыққа сапалы қызмет көрсету бойынша жобаныӊ аралық жұмыс нәтижелерімен таныстырды.

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - 19 сәуірде елорда әкімдігінде "Астана - адалдық алаӊы" жобасыныӊ екі ай ішінде атқарылған жұмыстары қорытындыланды. Іс-шара Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Төрағасы Алик Шпекбаев және Астана қаласы әкімі Исет Исекешевтыӊ қатысуымен өтті.

"Астана - адалдық алаӊы" жобасыныӊ жетекшісі Жазира Жылқышиева әлеуметтік нысандарда қолайлы жағдай жасау және халыққа сапалы қызмет көрсету бойынша жобаныӊ аралық жұмыс нәтижелерімен таныстырды.

Жазира Жылқышиеваныӊ айтуы бойынша, жоба кеӊсесі сарапшылармен бірлесіп жергілікті атқарушы органдардыӊ бірінші басшыларыныӊ жеке жауапкершілігі туралы құжат дайындаған.

Кеӊесте аудан әкімдері және жергілікті атақрушы органдардыӊ басшылары "Жеке жауапкершілік" құжатына қол қойды.

Енді мемлекеттік мекеме басшыларыныӊ жеке жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударылатын болады. Бұдан әрі, құрылымда немесе ауыр тәртіптік құқық бұзушылықтар жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін бірінші басшылар да тәртіптік жауапқа тартылады.

Құжат мемлекеттік қызметтерді алу процестерін автоматтандыру, қызметкерлердіӊ айналымын қысқарту, жұртшылықпен жүйелі кездесулер ұйымдастыру, қызметкерлерге берілетін сыйақылардыӊ жариялылығын қамтамасыз ету, кәсіби қызметтіӊ ашықтығы және т.б. сияқты мәселелер бойынша бірінші басшылардыӊ жеке жауапкершілігін күшейтуді көздейтіндіктен, бұл жаӊашылдық әрбір мемлекеттік органныӊ ішкі және сыртқы процестерін жақсартуға қызмет етуі тиіс.

Жоба кеӊсесі елорданыӊ басқарма басшыларына көмек көрсету үшін тәуекелді лауазымдарды анықтау әдістемесін әзірледі. Аталған әдістеме өлшемдер арқылы есептелетін болады: қызметі бойынша еӊбек өтілі, қызметте алатын жалақысы, қызметкердіӊ жасы, қызметтегі функционалдық міндеттері.

Осылайша, әзірленген өлшемдер сыбайлас жемқорлыққа ұшыраған бірқатар салалық лауазымдарды анықтауға көмектеседі.

Жоба жетекшісі атап өткендей, қазіргі таӊда жоғары, орташа және төмен деӊгейде жемқорлық компоненттері бар 50-ге жуық лауазым белгіленген.

Сонымен бірге, Жоба кеӊсесі Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, емханаларда халыққа сапалы қызмет көрсету алгоритмін және бірыӊғай брендбук әзірледі.

Осы тұжырымдамаға сәйкес, электронды кезектерді енгізу, емделушілер үшін навигациялық бағыттар және қызмет көрсету сапасын бақылау арқылы азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған процесстерді жетілдіру жоспарлануда.

Агенттіктіӊ Төрағасы мен Астана қаласыныӊ әкімі электронды базаларды қайта қарау және интеграциялау бойынша Еӊбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына барды.

Қазіргі уақытта басқарма қызметкерлеріқызмет алушыныӊ тұрғылықты жері, оныӊ әлеуметтік мәртебесі және табыс туралы ақпараттарға қол жеткізді.

Бүгінгі күні, елорданыӊ 80 мыӊнан астам зейнеткер және 22 мыӊ мүмкіндігі шектеулі азаматтар қажетті құжаттарды жинау үшін басқа мемлекеттік органдарға бармай, жеке басын куәландыратын құжатты бере отырып, мемлекеттік қызметті тез әрі сапалы түрде алуға мүмкіндік алды. Базаны біріктіру тек қана елордаға ғана емес, еліміздіӊ барлық өӊірлерінде азаматтар үшін қызметтерді жылдам көрсетуге мүмкіндік бергенін айта кету керек.

Сондай-ақ, базаныӊ аяқталуы шетелдік жұмыс күшін басқарма қызметкерлерімен тікелей байланыссыз, яғни электрондық үкімет порталы арқылы автоматты режимде тартуға мүмкіндік берді.

Келесі нысан өткен жылдыӊ желтоқсан айынан бастап Астана қаласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" МК" ҰКҚ пилоттық режимде жұмыс істейтін көші-қон қызмет орталығыныӊ филиалынабарды.

Бұл мекемеде электронды кезектер, жайлытүрде мемлекеттік қызметтер алу үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Алайда, қазіргі уақытта көші-қон қызметініӊ ақпараттық жүйелерінде кемшіліктер бар, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтардыӊ болуы.

Жоба кеӊсесі осы мәселелерді жою және шетелдік азаматтардыӊ қызметтерін алуды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс жүргізетін болады.

Атап өту керек, 7 ақпанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасы Алик Шпекбаев және қала әкімі Исет Исекешев министрліктіӊ жауапты хатшылары, департамент және басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері және БАҚ қатысуымен жоба менеджментін қолдану арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудіӊ жаӊа құралдарын енгізуге бағытталған жобаныӊ ережесіне қол қойғанын естеріӊізге сала кетейік.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны